You are here

Азия университеттерінің Саммиті: Қытай батыстың білім беру моделін енді ұстанбайды

Printer-friendly versionPDF version

Times Higher Education, 23.06.2016

Шанхай университетінің Президент Джао Тонг Чжан Цзе Қытай батыс модельдерінің көшірмесін жасаудың орнына мемлекет ЖОО-ң әлемдік деңгейдегі университеттер мәртебесіне жету жолын тапты деп санайды. Гонконгтың ғылым мен технологиялар университетінде өткен ЖОО-да шығармашылық пен инновацияларды дамытуға арналған саммитте ол өз ЖОО-ын мысал ретінде келтірді.

Профессор Чжан қызметін Шанхай Джао Тонгта  в 2006ж. бастады. Сол кезде бұл инновациялар жетіспейтін және баса назар инженерияға бағытталған, дәстүрлі қытай университеті болды. Бірақ сол кезден бастап, ол Қытай ЖОО-ының бірі инновациялық университетке айналуы мүмкін болудың моделі болды.   

Чжан өзгеріс үшін зерттеулер өткізуді ынталандыру, жаңа зерттеу топтарын құру және иноовацияның тұрақты мәдениетін қалыптастыру мақсатында ЖОО құрылымын реформалау сияқыт үш басты қадамды анықтады. Мақалаларды жариялауды қаржылай ынталандыруда университеттің мәдениетін өзгерту шаралары қабылданды, қолданбалы және мәселеге-бағытталған зерттеулерге бірте-бірте ауысу жүзеге асырылды. Сонымен қатар, халықаралық деңгеде әйгілі зерттеушілерді тарту саясаты жүргізілді. 2020ж. қарай ЖОО пәнаралық зерттеулер өткізуге арналған 20-30 алаңнан құралады, олар инновациялық әлеуетті дамытуға ықпал жасайды. Ол 30 жыл бұрын қытайлық ЖОО барлығы дерлік АҚШ және Еуропа университеттері Қытай университеттері үшін үлгі тұтарлық ЖОО деп ойлағанын атап өтті. Соңғы 10 жылда олар дамыту процесіне үздік қытай мәдениеті мен мақсатқа жетудің қытайлық тәсілін енгізуге міндетті екендігін біртіндеп түсіне бастады.