You are here

Азияда, АҚШ-пен салыстырғанда, балаларға арналған репетиторларға 7 есе артық қаржы жұмсалады

Printer-friendly versionPDF version

Quartz, 27.04.2017

Азиялықтар білім сапасын халықаралық зерттеулерде өз жетістіктерімен танымал (PISA-2015-тің Топ-10-на 7 азиялық мемлекет кірді, соның ішінде Сингапур – 1-орын, Жапония – 2-орын, Қытай Тайбэйі – 4-орын, Макао (Қытай) – 6-орын) бар. EdSurge зерттеуінің нәтижелеріне сәйкес, жергілікті отбасыларда бюджеттің кем дегенде 15%-ы қосымша сабаққа жұмсалады екен. 

Есепте азиялық отбасылар балалардың қосымша біліміне орта есеппен 2% жұмсайтын америкалық отбасылармен салыстырылады. АҚШ-та тіпті автокөлікке қызмет көрсету мен жанармай сатып алуға да 12% жұмсалатыны туралы ақпарат келтіріледі.

Global Industry Analysts бағасы бойынша, репетитор қызметтерінің әлем нарығы 2020ж. қарай $200 млрд. дейін артады. Бұл нарықтың басым бөлігін Шығыс Тынық мұхиты өңірі алады екен, оның үлесі алдағы 10 жылда тағы 10,7%-ға артады. Оңтүстік Кореяда сұранысқа ие болған репетиторлар $8 млн. жылдық жалақымен мультимиллионерлерге айнала бастады. Білімге жұмсалатын осындай шығыстар азиялықтардың әртүрлі олимпиадалар мен халықаралық байқауларда жетістікке жетуімен де түсіндіріледі.

Сеул билігі бір мезгілде тіпті қосымша білім беру орталықтарының көп санымен күресу туралы шешім қабылдаған болатын, өйткені олар тәулік бойы, демалыссыз жұмыс істейтін. Үкімет  коменданттық сағат енгізді, бірақ кейіннен балалар 23:00-ден кейін мұғалімдерінің үйлеріне баратыны анықталды.

Білімге деген бұндай құштарлық тарихының күре-тамыры тереңде жатыр. Мысалы, Қытайдың білім деңгейін бағалау бойынша стандартталған тесттерді өткізу тарихы ең ұзақ болып табылады. Арнайы императорлық тесттер бұнда біздің заманымызға дейінгі 206 жылы өткізілген болатын. 

Азиялық компаниялар да білімге жұмсалған қаражатты шығыстар ретінде емес, инвестициялар ретінде қабылдауға икемді келеді, сондықтан білім беру жобаларының бюджеті жылдан жылға артып келеді. 2016ж. электронды оқытумен байланысты азиялық компаниялар $1,2 млрд. инвестиция жинады, $1 млрд. инвестициясы бар американдықтарды озды.