You are here

Азиялық стартаптар Кремний алқабының көлеңкесінен шығып жатыр

Printer-friendly versionPDF version

hightech.fm, 22.04.2017

«Сингапурлық Uber», «қытайлық Google» — дамушы елдердің азиялық компанияларын батыстағы аналогтармен жиі салыстырады. Алайда, соңғы уақытта бұл өңірдегі стартаптар анағұрлым тәуелсіз бола бастады және нарықтың талаптарына жауап бергендіктен, жетістікке жете бастады. Қытайлық және үнділік компаниялар жалғыз мүйізділерге айнала бастады, ал Оңтүстік Шығыс Азиядан жаңадан келушілер ірі инвестициялар тартып жатыр. 

Анықтама үшін: «Жалғыз мүйізді» термині қаржы саласына венчурлік капиталист Айлин Ли (Aileen Li) 2013ж. енгізді. «Жалғыз мүйізді» деп ол құны $1 млрд. асатын стартапты атады. Жалғыз мүйізді компаниялардың негізін қалаушылардың анағұрлым көп санын шығаратын ЖОО-лар туралы № 103 Дайджесттен оқыңыз: http://iac.kz/ru/nazvany-universitety-vypuskayushchie-bolshe-vsego-osnovateley-samyh-uspeshnyh-startapov  

Әлемнің жалғыз мүйізді стартаптардың CB Insights талдау компаниясының тізімінде екінші орында Xiaomi қытайлық смартфондарды өндіруші тұр— компания $46 млрд. болып бағаланады (1-орында – Uber, $68 млрд., АҚШ). Үшінші орында Didi Chuxing қытайлық такси шақыру қызметі тұр, оның құны - $33,8 млрд.

Қытайлық жалғыз мүйізділермен қатар Азияның дамушы мемлекеттерінің стартаптарының да танымалдығы артып жатыр. Оның бір мысалы — индонезиялық Go-Jek, ол $1,3 млрд. болып бағаланады. Компания нарықтың сұранысына уақтылы жауап берудің арқасында жетістікке жетті. Индонезиядағы көлік қозғалысы — нағыз қасірет, ал бір қаланың шеңберінде көлікпен жүру бірнеше сағат уақытты алуы мүмкін. Мопедтер табылған ақыл болды. Go-Jek Индонезия тұрғындарына мопед таксилердің қызметтерін ұсынады. Онымен жүру, автобуспен салыстырғанда, қымбаттырақ, бірақ ыңғайлылық үшін адамдар төлеуге дайын.

Екінші мысал — Garena сингапурлық онлайн ойындардың және электронды коммерция порталы $3,75 млрд. бағаланады Оңтүстік Шығыс Азияның тағы бір жалғыз мүйіздісі - Grab сингапурлық такси сервисі, оның құны $3 млрд.

Сарапшылар атап өткендей, Оңтүстік Шығыс Азияның жетістігі өңірдің сандық экономиканы дамыту бойыша мемлекеттік бастамалармен түсіндіріледі. Индонезия 2020ж. қарай ең ірі сандық экономика болуды жоспарлайды. Сингапур сандық трансформацияға $1,7 млрд. бөледі.

Ал Қытайда 2035ж. қарай сандық сала ел экономикасының 48%-ын құрайтын болады және оның  айналымы $16 трлн. бағаланатын болады.

Сонымен қатар, бұл өңірде жаңа ғаламтор пайдаланушылар санының тез артуы байқалады. Олардың 3,8 млн. саны  ай сайын пайда болады. Қазіргі уақытта Оңтүстік Шығыс Азияда (Қытай, Оңтүстік Корея мен Жапонияны есепке алмағанда) 260 млн. ғаламтор пайдаланушы тұрады, ал 2020ж. қарай бұл көрсеткіш 480 млн. дейін жетеді.