You are here

БАӘ-де «Global Teacher Prize» халықаралық байқаудың жеңімпазы аталады

Printer-friendly versionPDF version

globalteacherprize, 15.03.2017

Жексенбіде «Global Teacher Prize» байқауының қорытындылары бойынша Жаһандық білім беру форумында әлемдегі үздік мұғалімнің аты белгілі болады. Жеңімпаз мұғалім 1 млн. АҚШ доллары мөлшерінде сыйақы алады.

Анықтама үшін: Global Teacher Prize – өз мамандығына үлкен үлес қосқан тәжірибелі мұғалімдердің арасында жыл сайын өткізілетін байқау. Варки Қоры (Varkey Foundation) марапат ұйымдастырушысы мен демеушісі болып табылады. Байқаудың мақсаты - "әлемнің мұғалімге деген көзқарасын өзгерту".

Марапат мұғалімдердің маңызын атап өтуге және олардың күш-жігерін жалпыға танытуға  шақырады. Ол мұғалімнің өз оқушыларының дамуына қосатын үлесін мойындаумен қатар, жергілікті қоғамға қосатын үлесін де мойындайды.

Байқаудың қорытынды кезеңіне 10 финалист қатысады. Төрешілер Академиясы мемлекеттік органдардың өкілдерін, мектеп директорларын, ғалымдарды, тілшілерді, кәсіпкерлерді және әртүрлі әлеуметтік салалардың басқа өкілдерін қамтиды. Байқау нәтижелерінің ашықтығына кепілдік беру үшін PwC компаниясы дауыс беру процесін бақылады.

Байқаудың алғышарты Варки Қорының 2013ж. зерттеуі болды, бұнда 21 мемлекеттің азаматтары мұғалім мамандығына деген қатынасы туралы сұрақтарға жауап берді. Көптеген мемлекеттерде мұғалім жұмысына деген теріс көзқарас Global Teacher Prize негізін қалауға себеп болды.

2017ж. финалға қатысушылардың қатарында Ұлыбритания, Испания, Пакистан, Кении, Бразилия, Канада, Қытай, Австралия, Германия және Ямайка мұғалімдері бар.