You are here
БАӘ-де оқушыларға арналған жаңа емтихан енгізілді


БАӘ Білім министрлігі мектеп оқушыларына арналған жаңа емтиханды EmSAT (Emirates Scholastic Aptitude Test) енгізу туралы хабарлады. Ағымдағы оқу жылының соңында EmSAT алдыңғы емтиханды CEPA (Common Educational Proficiency Assessment) алмастырады.
А.ж. емтихан БАӘ мектептерінің 12-сынып оқушыларының ағылшын тілі, физика және математикадан білімдерін тексереді. EmSAT электронды форматта өтеді. CEPA-ке қарағанда, EmSAT ЖОО-ға түсуге ғана емес, сонымен қатар оқушылардың білімдерін үнемі тексеруге де бағытталуымен ерекшеленеді. Бұл үшін 2017-2018 оқу жылы EmSAT-ты 1, 4, 6, 8, 10 сыныптарда да өткізу қарастырылады. Осылайша, Үкімет елдің мектептерінде үлгерімнің үнемі мониторингін жүргізуді жоспарлап отыр.