You are here
БАӘ мұғалімдерінің 92%-ы біліктілікті арттырудан өтті


2016ж. БАӘ мұғалімдерінің 92% біліктіліктерін арттырды.
БАӘ сарапшылары 1 мың мектеп мұғалімдерінің арасында осы курстардың сапасын анықтау үшін зерттеу өткізді.
Зерттеу мұғалімдердің басым бөлігінің біліктілікті арттырудың мағынасыз қайталама бағдарламаларынан өтетінін көрсетті. Сонымен қатар, кейбір оқу материалдарының орынсыздығын және курстардың біліксіз тьюторларын көрсетті.
Бұның орнына, мұғалімдер оларға АКТ дағдыларын, ата-аналарды балаларға білім беруге тарту тәсілдерін дамытуға және инклюзивті білім беруде анағұрлым көп тәжірибе алуға мүмкіндік беруді сұрады.
Сарапшылардың айтуынша, бұдан былай ресурстарды тиімді пайдалану мақсатында мұғалімдерді қызықтыратын тақырыптар бойынша алдын ала сауалнама өткізу керек.