You are here

Бағасыз, кестесіз: Берлин мектебі оқу процесі туралы барлық үйреншікті түсініктерді өзгертті

Printer-friendly versionPDF version

Guardian, 01.07.2016

Бірегей оқу орны Берлиндегі оқу процесі туралы барлық стандартты түсініктерді өзгертті. Орталық Берлиннің інжіл мектебінде (Evangelical School Berlin Centre) 15 жасқа дейін баға қойылмайды, сабақ кестесі және дәрістер стиліндегі сабақтар болмайды. Оқушылар қандай пәндерді оқуды және емтихандарды қашан тапсыруды өздері шешеді.

Мектептің оқу бағдарламасына математика, неміс тілі және ағылшын тілі, қоғамдық ғылымдарға үйрету кіреді. Соынмен қатар, олар "Жауапкершілік" және "Тапсырмаларды орындау" сияқты пәндерді өтеді. "Тапсырмаларды орындау" пәні шеңберінде 12-14 жастағы оқушыларға €150 беріледі де, саяхатқа жіберіледі, бұл саяхатты олар өздері жоспарлау тиіс. Кейбіреулер байдаркамен жүрсе, басқалары фермада жұмыс істейді. Антон болса, Англияның оңтүстік жағалауы бойымен жаяу жүрді.

Бұндай оқытудың негізінде қарапайым философия жатыр: еңбек нарығының талаптары өзгергенде, ал смартфондар мен Интернет ақпаратты өңдеу тәсілдерін өзгерткенде, мектеп үйрете алатын ең маңызды қабілет бұл - өзін-өзі ынталандыру болып табылады. Сондықтан озық мектептің мақсаты жастарды барлық өзгерістерге бейімделуге үйрету, өзін үнемі өзгертіп отыру ынтасын дамыту болып табылады.

Осы берлиндік мектептің оқушыларын, атап айтқанда, мектепте алған дағдыларды көрсету үшін балама тәсілдерді табуға ынталандырады. Мысалы, математика пәнінен үйреншікті емтиханның орнына олар компьютерлік ойынды жасайды.

2007 жылы мектеп ашылған кезде бұнда тек 16 бала ғана оқыған болатын. Қазір ол 500 оқушымен толық қуатпен жұмыс істейді. Мектептің әйгілі болуы Берлин түлектерінің арасында емтихан нәтижелерінің жыл сайын өсумен түсіндіріледі. Өз кезегінде оқушылардың контингенті тек дәулетті отбасылардан шыққан балалар ғана емес – балалардың 30%-ы көші-қон отбасылардан шыққан, 7%-ы неміс тілінде сөйлемейтін отбасыларда өскен.