You are here

Бағдарламауға ерте үйрету ІТ-саласында гендерлік теңгерімді орнатуға көмектеседі

Printer-friendly versionPDF version

hightech.fm, 21.08.2017

Ұлыбританиядағы компьютерлік саланың негізін қалаушылардың бірі Стефани Ширли (Stephanie Shirley) балаларды бағдарламалау негіздеріне екі жастан бастап оқыту керек деп ойлайды. Бұл болашақта технологиялық саладағы әйелдер мен еркектердің саны арасында теңгерімге жетуге көмектеседі.

Стефани Ширлидің Freelance Programmers компаниясы бағдарламалық қамтамасыз етулерді сонау 1960-шы жылдары өндіріп, сата бастағандардың бірі болды. Ол ІТ-саласына әйелдерді көптеп тарту үшін балалардың, атап айтқанда, қыз балалардың ойжұмбақтарға қызығушылығын ерте жастан дамыту дұрыс деп есептейді. Бұл оларға технологиялар – тек ерлер үшін деген стереотиптерден арылуға көмектеседі.

Ширли Google және Facebook сияқты технологиялық компанияларды әйел-бағдарламашылардың жетіспеушілігі мәселесін шешу үшін анонимді кадрлық рекрутингті енгізуге шақырды – мысал үшін, қазіргі уақытта Google-да небәрі 20% әйел-инженер жұмыс жасайды.

Иннополис университеті зерттеуінің деректері бойынша, ақпараттық технологияларға бойжеткендердің шамамен 30%-ы қызығушылық танытады, бірақ ЖОО-ға түсу туралы шешім қабылдаған кезде олар қозғалыс векторын күрт өзгертіп, гуманитарлық білім алуды таңдайды. Технологиялық әлемде бұрынғыдай, әйелдерге қарағанда ерлер көп – теңгерімге жету үшін компаниялардың көпшілігі әйелдерді ІТ-да қолдауға тырысады. Мысал үшін, былтыр Pulsar Venture Capital негізін қалаушысы әйелдер болып табылатын стартаптар үшін халықаралық акселерациялы бағдарламаға қатысуға басым орындарды ұсыну туралы хабарлады.