You are here

Балаларды қалай табысты етуге болады?

Printer-friendly versionPDF version

vospitaj.com, 01.09.2016

Джим Роджерс — миллиардер және әлемдегі ең беделді инвесторлардың бірі. Ол Джордж Сороспен бірге Quantum Fund – құнды қағаздар, валюта, биржа тауарларымен спекуляциялық операцияларды жүзеге асыратын инвестициялық қордың негізін қалады.

37 жаста Роджерс ісін тастап саяхаттай бастады. Ол жер шарын екі рет айнала саяхаттады, соның біреуін мотоциклмен жасады. Қазіргі уақытта отбасымен Сингапурда тұрады, өйткені азиялық нарықтардың үлкен әлеуетіне сенімді.

Өзінің екі қызына арнаған «Өз балаларыңызды табысты етіңіз» («A Gift To My Children») кітабында Джим Роджерс инвестициялар және балаларды тәрбиелеу саласындағы көз-қарастарымен және тәжірибесімен бөліседі. 

Тарих пен философияны оқыңыз. Философияны меңгеру - кітап оқу және логикалық құрастырылымдар құру емес, дербес ойлау өнері. Тарихты зеделеу барысында әлемнің құрылысы үнемі өзгеріп отырады және сәйкесінше ол алдағы 20-30 жылда қалай өзгереді  деген түсінік қалыптасады.

БАҚ оқыңыз, бірақ оған аса сенбеңіз. БАҚ ақпараттың сенімсіз дереккөздеріне сілтеме жасауы немесе басқа біреудің пайдакүнем мүддесін білдіруі мүмкін. Сондықтан ақпаратты әртүрлі дереккөздерден тауып саралау маңызды.   

БРИКС елдеріне назар аударыңыз. Көптеген инвесторлардың пікірінше, дәл осы елдер 2050 жылға қарай әлемдік экономиканы билейді. Осы елдердің ішінде Джим Роджерс Қытайда ерекше және Бразилияны кейбір дәрежеде атайды. 1980ж. өзінде-ақ Роджерс оның әлеуетін сезіп, қаржы сала бастады. Инвестор болашақта халықаралық қарым-қатынастың басты тілдері болатын қытай және ағылшын тілдерін оқуға кеңес береді.  

Әйелдердің уақыты келді. Көптеген азиялық елдерде, ұл балалардың туылуы әрдайым анағұрлым артық көрілетін Қытай, Үндістан, Кореяда қазіргі кезде қыз балалардың жетіспеушілігі байқалады. Осылайша, Қытайда 119 ұл балаға 100 қыз бала туылады. Джим Роджерс жақын арада азиялық ер адамдар жар іздеу мәселесіне тап болады, ал әйелдер үлкен еркіндікді талап етеді, анағұрлым жақсы білім алады және оларға кәсіби өсудің үлкен мүмкіндіктері ашылады деп болжайды.

Стереотиптер шынайылыққа сәйкес келмейді. Мысал ретінде Роджерс 1970 жылдардағы жағдайды келтірді, бұл кезде АҚШ әскери-өндірістік кешен компаниялары акциялардың құны қорғаныс саласын мемлекеттік қаржыландырудың қысқаруы себебінен кенеттен төмендеді, ал инвесторлар мен талдаушылар арасында акциялар құнының бұдан әрі құлдырауы туралы пікір тарады. Дегенмен, әскерге өзгерістер енгізу қажеттілігін көрсеткен Вьетнам соғысынан кейін салаға мемлекеттік қаражат бөлінді және компаниялар акцияларының құны өсті, кейбір жағдайларда олардың бағасы 100 есе артты.