You are here

Балтық елдері ЕО ересек халқының жұмыс біліктіліктері бойынша көшбасшы

Printer-friendly versionPDF version

baltic-course.com, 13.06.2016

Брюссельде ЕО кәсіптік білім мәселелері жөнінде семинар өтті. 

Семинар жұмысында Балтық елдері ЕО-да жұмыс істейтін біліктілігі төмен ересек халқының саны бойынша көшбасшы екендігі аталып өтті. Бірінші орында Эстония (40%), екінші орында – Литва (38%), үшінші орында – Латвия (36%) тұр. Дегенмен, бұл елдерде біліктілігіне сәйкес адамдарды жұмыспен қамту мәселесі әлі де өзекті болып тұр. 

Қазіргі уақытта 70 млн.-нан астам адам Еуропада жаңа жұмысқа тұру үшін қайтадаярлықтан өтуді қажет етеді. Жұмыспен қамту жағдайын жақсарту мақсатында Еурокомиссияда "Кәсіптік кепілдік" атты бағдарламасы қабылданды. Бұл бағдарлама жұмыссыз халықты қайта оқытуға, қайта даярлықтан өткізуге, еңбек дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік береді.