You are here

Басқару

Printer-friendly versionPDF version

Шәмшиева Нұргүл Ақылбекқызы

Президент

Жоғары білімді, «Қазақ мектептерінде орыс тілі және әдебиеті және аударма» мамандығы бойынша Қорқыт ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университетін, 2006 жылы – «Психология» мамандығы бойынша «Тұран-Астана» университетін бітірді. Экономика ғылымдарының магистрі. Еңбек қызметін Қызылорда қ. Ә. Молдағұлова атындағы № 173 орта мектебінде мұғалім болып бастады. 2001-2003 жылдары –  Қызылордар қ. П. Осипенко атындағы №8 орта мектебінде тәрбие жұмыстары жөніндегі директордың орынбасары. Мемлекеттік қызметтегі еңбек қызметін 2004 жылы Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігінің жастар саясаты департаментінің жетекші маманы қызметінен бастады. 2005-2008 жылдары – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің жастар саясаты департаментінің жетекші, бас маманы. 2008-2015 жылдары – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің стратегиялық жоспарлау және үйлестіру департаментінің жетекші, бас маманы, эксперт, бас эксперт, басқарма басшысы, директордың орынбасары. 2015-2017 жылдары Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің стратегиялық жоспарлау және үйлестіру департаменті директорының қызметін атқарды. 2017 жылдың 4 шілдесінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ақпараттық-талдау орталығы» акционерлік қоғамының Президенті лауазымына тағайындалды. Қызылорда облысы Білім басқармасының, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.

АТАНАЕВА МИРАИМ ҚАЖМҰХАМБЕТҚЫЗЫ

Вице-президент
 

А.О.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің филология факультетін, Шығыс Қазақстан университетінің экономикалық факультетін және ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «Әлеуметтік-саяси процестерді басқару» мамандығы бойынша аяқтады. «Ашық әлем» АҚШ Конгресі кітапханасы бағдарламасының номинанты (2011ж.). Жобаларды мониторингілеу және бағалау саласындағы сертификатталған маман, RIPA International, Лондон 2014ж. ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында оқу барысында және Джорджия штатының университеті (АҚШ) жанындағы Карл Вилсон атындағы институтта оқу қорытындылары бойынша Master of Public Administration дәрежесін алды. Диссертациялық жұмыстың тақырыбы: «Конструктивті оппозиция қазақстандық қоғамды саяси жаңғырту факторы ретінде».Бұрын ҚР Қаржы министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс істеу комитетінің аумақтық басқармасында және орталық кеңсесінде, ҚР Парламентінің Мәжілісінде Фракция аппаратында және «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратында, «Қоғамдық пікір институты» ҚБ жұмыс істеді.  ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінде тәжірибеден өтті және онда  іссапарға жіберілген маман болды (2006-2007жж.). Ғылыми-зерттеу саласы: қаржы-экономикалық талдау, ішкі және сыртқы саяси қызмет, заманауи саяси технологиялар, білім беру және әлеуметтік саясат.

ҚР Президентінің алғыс хатымен марапатталған (2009ж.).