You are here

Беларусь 2022 жылға қарай мектеп түлектеріне арналған ұлттық емтихандарды енгізеді

Printer-friendly versionPDF version

Obrazovanie.by, 19.10.2016

Беларусь Білім министрі Михаил Журавков үкіметтің оқушылардың тестіленуін реформалау жоспарлары туралы мәлімдеді. 2020 жылға қарай 9-сынып оқушыларына Тәуелсіз аттестацияны және 2022 жылға қарай 11-сыныпта Ұлттық емтихан енгізу жоспарланды.

Белорусь мектептерінің түлектері екі сатылы емтихан тапсырады. Біріншісі мектепте алған білімді тексеруге арналған орталықтандырылған тестілеуді қамтиды. Бірінші емтихан кезеңі мектепте өтеді. Емтиханды басқа мектептер мұғалімдерінің комиссиясы қабылдайды. Екінші кезең ЖОО-ға түсу үшін жазбаша және ауызша емтиханды қамтиды. Екінші кезеңнің емтихан сұрақтарын әзірлеуге ЖОО-лар белсене қатысады.

Журавков талапкерлер кейбір мамандықтарға түсу үшін емтиханды қазірдің өзінде-ақ осы форматта тапсыратынын нақтылады. 2022 жылға дейін екісатылы емтиханмен ЖОО-ның барлық мамандықтарын қамту жоспарланды.