You are here

Беларусь оқушыларын келер оқу жылында өзгерістер күтеді

Printer-friendly versionPDF version

Sputnik, 01.06.2017

Беларусьта келесі оқу жылынан бастап күшіне енетін орта білім беруді реформалау күтілуде.

Президент Александр Лукашенконың тарапынан оқулықтарға қатысты сыннан кейін, үкімет белорустық мектептер үшін оқулықтарды жаңарту бойынша маңызды жұмысты бастады. Жаңа оқулықтарды барлық сыныптарда енгізу бірнеше жылдың ішінде аяқталады. 2017 жылдың қыркүйегінде жаңа оқулықтарды 3 және 7 сынып оқушылары алады.

Қыркүйекте күшіне енетін басқа ұзақмерзімді реформа болып үлгілік оқу бағдарламасын өзгерту болады. Өзгерістер қазіргі уақытта бағдарламаларға түскен артық күш салдарынан қажет. Жаңа оқу құралдарын шығару және мұғалімдерді қайта дайярлау жоспарлануда, ал 2017 ж. химия бойынша сағаттар саны азайып, математика пәні бойынша ұлғаяды.

1 қыркүйектен бастап оқушылар өз оқу күнін таңғы 9-дан бастайды, ал оқу үзілістері қысқартылады. Бірінші ауысым оқушылары үшін үзілістер 10 минутқа, екінші ауысым үшін 25 минутқа қысқарады.

9 және 10 сынып оқушылары үшін кәсіптік бағдарлану бағдарламасы енгізіледі. Бағдарлама аясында оқушылар колледждерге барып, жұмысшы мамандықтарымен танысады. Сонымен қатар, Білім беру туралы кодексіне өзгерістер көзделуде. Олардың аясында сенбі күндері мектептерде факультативтер өткізіліп, демалыс мерзімдері өзгереді.