You are here

Беларусьте IT-білімі дағдарысқа ұшырады

Printer-friendly versionPDF version

Комсомольская правда, 21.09.2017

Экономика білімін құру және Белорусия ІT- елін тұжырымдау үшін білім беру жүйесін өзгерту арқылы жүзеге асыруға болады, яғни, жаңа кадрларды дайындау арқылы қол жеткіземіз.

Жоғары технологиялы Парк резиденттерінің сұруы бойынша, 2016-2017 жылғы түлектердің жұмысқа орналасуға бас тартуының негізгі себептерінің бірі – теориялық дайындықтың жетіспеуі, шет тілдерін жетік білмеу және жоғары жалақыға дәмелену. Сондай-ақ, теориялық дайындықтың жетіспеуін 96% ПВТ резиденті көрсеткен болатын. Оқу бағдарламасын толық және елеулі тексеріс кезінде 71,2% ПВТ резиденті көрсетілген болатын.

Осылайша, жоғары оқу орындарының профильдік мамандықтары бойынша қолданыстағы оқу жоспарларын қайта қарастыру қажет. АТ кадрларын даярлаудағы басты мәселе жас мұғалімдердің жетіспеуі. Компьютерлер мен смартфондар қанша жыл ауыстырылды, ал оқу бағдарламалары 15-20 жыл бұрын даярланған тәсілдермен оқытылады.

IT-мамандарды дайындау сапасы біртіндеп жоғары білім беру жүйесінен алыстатылып жатыр. IT саласындағы негізгі көрсеткіш - индустрия сарапшыларының саны мен олардың оқыту сапасы болып табылады. Беларусь елінің артықшылығы - бұл техникалық сараптама мен әдістемесі көп шоғырланған сапалы АТ бағдарламаларының болуы.

 Жас мамандар, бірнеше жыл бойы осындай компанияларға орналасу арқылы өздерінің кәсіби деңгейлерін одан әрі арттырады. Университеттің деңгейі үшін IT білім беру сапасын өзгертіп, жақсарту керек. Бұл әрекетті орындау үшін, біз алдымен МЖӘ-дан бастауымыз керек.

Беларусияда IT саласының дамуы көбінесе ЖОО-да арнайы мамандықтардың жетіспеуі. Мысалы, Массачусет технологиялық институтында математикалық теориядан жасушалы биофизика, нейрофизика және жасанды интеллек, робототехника салалрында білім береді. Калифорния технологиялық институты НАСА ғылыми-зерттеу орталығындағы реактивті қозғалыс лабораториясы, халықаралық байланыс обсеравториясы және ғылыми-зерттеу орталығын меңгеруде.

Анықтама: Қазіргі уақытта Беларусь елі басқа елдерден IT қызметі бойынша алда келе жатыр. Әлемдегі ең ірі және IT саласында жоғары технологиялық қызметтерді иемденген 100 Топ компаниялардың ішінде 3 беларусиялық компания бар, олар -  EPAM Systems, IBA Group и Intetics Co.