You are here

Білім беру кеңістігінде қандай жаһандық өзгерістер болмақшы?

Printer-friendly versionPDF version

Harvard Business Review, 01.02.2017

Cоңғы мыңжылда білім беру кеңістігінде жаһандық инновациялық өзгерістер болды: Х-ХІІ ғасырларда алғашқы университеттер пайда болды; Ян Амос Коменский XVII-ғасырда мектептегі білім берудің дамуын анықтаған сыныптық-сабақтық жүйені құрды; XIX-ғасырда Вильгельм фон Гумбольдттің үлгісі бойынша зерттеу типті университеттердің пайда болуы;  XIX—XX ғасырлардың қиылысында американдық философ Джоном Дьюи ұсынған, жобалық оқытуды дамытудың негізі болған прагматикалық білім беру идеясы.

Бүгін білім беру кеңістігінде жаңа жаһандық өзгерістер болмақшы және бұның үш алғысөзі бар: таланттар үшін талас, жоғары білімнің қолжетімділігі, сонымен қатар "күміс жасқа" арналған университеттердің әлеуеті.

Таланттар үшін талас. Университеттер, білім беру консорциумдары және біртұтас елдер бүгінгі таңда халықаралық студенттерді барынша тартуға талпынады. Таланттар үшін талас білім беру мекемелерінің екпінді дифференциациясына әкелуде. 2000-шы жж. басында университеттердің халықаралық рейтингтердің пайда болуы (ARWU, QS, THE) әртүрлі елдердің ЖОО-ларын бір-бірімен салыстыруға мүмкіндік берді, бұл жаһандық бәсекелестік кезеңінің басталуы білдірді.

Жоғары білімнің қолжетімділігі. Жоғары біліммен қамтылған халықтың үлесі бірнеше есе артты. "Үлкен жиырмалық" елдерінде жоғары білімі бар адамдардың пайызы 40%-ға жақындады, ал жекелеген мемлекеттерде (Ресей, Канада, Жапония және Оңтүстік Корея) 55%-дан асады.

"Күміс жасқа" арналған университеттер. Жұмысқа қабілетті, сонымен қатар зейнет жасындағы адамдар санының артуы байқалады — бұл жиынтық  1 млрд. астам адамды құрайды. Олар білім беру бағдарламаларына сирек қатысады: жылдық оқудан жұмыс істейтін халықтың 40%-ы және зейнеткерлердің 5%-ы ғана өтеді. Біліктілікті үнемі арттыруды талап ететін білім экономикасы кезеңінде жұмысқа қабілетті және "күміс" жастағы адамдар білімді дамытудың жаңа ресурсы бола алады. Білім беру реформаларының және кәсіпкерлік бастамалардың назары оқушылар мен студенттерден анағұрлым ересек аудиторияға шарасыз ауысатын болады.

Бүгін жақын арадағы 20-25 жылға өзгерістер бағытына бағдар беретін басты трендтерге сандық революция жатады (0—5 жылда), білім беру стартаптарының серпілісі (5—10 жылда), өндірістік революция және жаңа мамандықтардың пайда болуы (10—15 жылда), адамның өзгеруі (15 және одан да көп жылда).

Сандық революция. Бүгін онлайн-білім беру нарығының жылдық өсімі 27%-ды, дәстүрлі білім берудің жылдық өсімі 5%-ды құрайды. 2016ж. дүниежүзінде 50 млн. астам адам  ірі онлайн-платформалардың көмегімен білім алды (EdX, Coursera, Udacity және т.б.).    

Білім беру стартаптарының серпілісі. Он жыл бұрын білім беру стартаптардың венчурлік инвестицияларының әлемдік көлемі $100 млн. болатын, ал 2016ж. ол $3 млрд. асты, бұл жекелеген мемлекеттердің білім беру жүйесіне жұмсайтын жылдық шығыстарымен салыстыруға келеді. $300 млн. тартқан ең табысты стартап — TutorGroup — ағылшын тілін ғаламтордың көмегімен оқытады. Миллиард доллардың төрттен бір бөлігін жинаған Achieve3000 жобасы мәтінді оқу және түсіну қабілетін дамытады. Жаңа кезеңнің анағұрлым айқын мысалдарының бірі - әлемдік көшбасшылар мен келешектің жасампаздарын даярлайтын Minerva бағдарламасы. Оның негізін салушы бастама кезеңінің өзінде-ақ $25 млн. астам қаражат тартты.

Өндірістік революция және жаңа мамандықтардың пайда болуы. Жаңа технологиялар компанияның жұмысын өзгертетін "өндірістік революцияның" себебі болды. Бизнес адамдардың құзыреттеріне және оларды алу жылдамдығына жаңа талаптар қоя бастады.

Жақын арадағы жылдардың басты трендтерінің бірі — "адамсыз экономикаға" өту, бұнда ескішілдікке негізделген операциялардың басым бөлігін машиналар орындайтын болады. Мысалы, роботтар тауарларды тасымалдауды немесе соңғы бұйымдарды жинауды адамға қарағанда анағұрлым тиімді орындайды. Ал жасанды интеллект нақты медициналық диагнозды қоюға немесе қонақүйлер мен ұшақпен ұшудың үздік ұсыныстарды іріктеу қызметтерін көрсетуге қабілетті болды.

Анағұрлым жоғары сұранысқа ие құзыреттер тізімі жиірек жаңартылып отырады. Егер бұрын жаңа мамандық 20—30 жылда бір рет пайда болса, қазір әрбір 3—5 жылда пайда болады екен. Білім беру жүйесінің жаңа сұраныстарға тез жауап беру, мамандарды 5 жыл емес, 5 ай оқыту қабілеті мемлекеттік бәсекеге қабілеттіліктің шарты бола бастады.

Адамның өзгеруі. Ғалымдардың болжамдарына сәйкес әлемнің дамыған елдерінде туылған адам өмірінің ұзақтығы 120 жылды құрайды. Қазір 30—55 және 55+ жастағы адамдарға арналған оқытудың жаңа форматтары керек,  олар адам өмірінің стилі мен ынтасын ескеру керек. Бұл бизнес-мектептер және корпоративтік оқу орталықтары, ал егде адамдар үшін "күміс университеттер" болуы мүмкін. Әртүрлі жастағы тыңдаушыларға арналған жаңа бағдарламаларды әзірлеу — жақын арадағы 10-20 жылдың міндеті, оны озық білім беру ұйымдары шеше алады.