You are here

Білім беру мекемелерінің қадамдық қолжетімділігі ата-аналардың таңдауын анықтайды

Printer-friendly versionPDF version

РИА Новости, 08.02.2016

Superjob.ru зерттеу орталығы және "Білім берудің ұлттық ресурстары" орталығы өткізген ата-аналардың білім беру мекемеін тандау жөніндегі зерттеудің нәтижелері жарияланды.

Сауалнамаға Ресейдің 10 аймағынан отбасы типтері әртүрлі 3 мыңнан астам ата-ана қатысты. 

Білім беру мекемесін тандауда оның аймақтық орналасуы маңызды көрсеткіш болып табылады. Әр отбасы үшін жақсы балабақшаның, мектептің, шығармашылық орталықтың жақын жерде орналасқаны маңызды. 

Бұдан басқа, ата-аналар үшін білім беру мекемелерінің маңызды үш базалық сипаты бар. 

Бірінішіден – білім сапасы.  Балабақшадағы мектепалды даярлық ата-ананың 66%-ы үшін басқа факторларға қарағында маңыздырақ болып табылады. Кәсіби білімге қатысты болған жағдайда білім беру сапасы 1-орынды алады. 

Екіншіден – педкадрлар (жұмыс тәжірибесі, педагогикалық шеберлік деңгейі, өз пәнін қызықты, қолжетімді әрі түсінікті етіп түсіндіру және оқушыларды қызықтыру қабілеті). Оқушылардың ата-аналары үшін ЖОО және колледж студенттерінің ата-аналарына қарағанда педагогикалық кадрлар сапасы бірінші орында тұр. 

Үшіншіден – білім беру процесін ұйымдастыру. 

Бұдан басқа, аймақтық ерекшеліктер де бар. Мысалы, Солтүстік Осетия ата-аналары үшін балалардың әртүрлі байқаулардағы жетістіктері мен жеңістері 14-тен 3-орында тұр, ал мәскеуліктер үшін 10-орында тұр.