You are here

Білім берудегі технологиялар: балаларымызды не оқытады?

Printer-friendly versionPDF version

Forbes, 18.05.2017

Білім беру саласын автоматтандыру тек бұқаралық онлайн-курстармен шектеліп қоймайды. Ол мектептерге, үйден білім алуға және жоғары оқу орындарындағы оқуға келуде. Білім алу үлкен мәселе емес. Заманауи мәселе – ақпараттың артықтығы.

Бүгін Англияда әрбір үшінші мектеп оқу процесінде смартфондар мен планшеттерді пайдаланады. Мұғалімдер мен оқушылар өз идеяларымен чаттарда алмасады, оқу материалдарын бекіту үшін қосымшаларды қолданып, Skype-та пікірталастарды өткізеді.

Сондықтан алдағы 4-ші технологиялық революция білім беру жүйесін техникалық кадрларды оқыту басымдылығына итермелеуі тиіс. Әлемнің ірі ІТ компаниялары бағдарламалау және инженерияны насихаттауды өз стратегияларына орналастыруда. Атап айтқанда, Apple балаларды бағдарламалауға үйретуге арналған Swift playgrounds іске қосуда.

2014 жылы балаларды бағдарламалау негіздеріне үйреткен Osmo Pizza ойыны әзірленді. Ол Time Magazine нұсқасы бойынша жылдың топ-25 өнертабысына кірді. Ал Tynker  компаниясы АҚШ-тың 60 мыңнан астам мектептерінде балаларды Parrot дрондарын бағдарламау арқылы кодинг негіздеріне үйрету бағдарламасын енгізуді жоспарлап отыр.

Мүмкін, жақында балаларды шетел тілдеріне, математикаға және бағдарламауға үйрететін, қолдарына планшеттер ұстаған тәрбиелеушілері бар балабақшалар ашылар. Қазірдің өзінде-ақ бала LEGO Robotics-тен өзіне қажет құрылымды жасап ала алады немесе Arduino контроллерін алып, бірегей бір нәрсе әзірлей алады. Мұның бәрі – мамандарды индустрия 4.0 дайындаудың бірінші сатысы.

Заманауи технологиялардың көмегісіз адам сапалы білім ала алуы екі талай. Жасанды интеллект оқыту саласында одан әрі қолданыла береді. Big Data технологияларын және машиналық оқытуды зерттеу көмегімен адамдар ақпараттың үздіксіз ағымын қадағалап, одан өзіне тиімдісін ала алатын болады. Осы технологияларды зерттеу жас мамандарға келешектің еңбек нарығында сұранысқа ие болуға мүмкіндік береді.

Next Galaxy компаниясы CeeK бірыңғай әлеуметтік алаңын әзірлеуде. Әзірлеушілер дүкендері, кездесу орындары және оқу сыныптары бар виртуалды әлем жасауды жоспарлап отыр. Үйде отырып, оқушы арнайы көзілдірік киіп, сабаққа қатыса алады. Әрине, балалар шынайылық сезімін жоғалтуы мүмкін деген күдік те бар. Бірақ, мүмкіндіктері шектеулі балаларға виртуалды әлем сабаққа қатысып, қатарластарымен араласуға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта мұғалімдердің орташа есеппен 30 адамға сабақ жүргізе отыра, қалыс қалған балаларға ерекше назар аударуға мүмкіндіктері болмайды. Қытайдағы, Жапония мен Үндістандағы мыңдаған оқушыларға білікті мұғалімдердің жетіспеушілігі мен сыныптардағы оқушылардың көптігінен білім алу қиын. Әр оқушының ыңғайына қарай реттелген жасанды интеллект оларға қажетті білімді алуға көмектеседі. Әрине, алдағы 10 жылда адамның білім беру ортасына қатыспауын болжай алмаймыз. Алайда, ұзақ мерзімде – жасанды интеллект мектептердегі ұстаздарды және дара мұғалімдерді алмастыруы мүмкін.

Бұл кезекте, әр машинаны адамдар үйрететінін ұмытпағанымыз жөн. Болашақта машинамен емес, маман-адаммен тілдесудін құны әлдеқайда жоғары болады. Ebay, Google, Yahoo сынды ірі компаниялардың қызметкерлері өз балаларын компьютерлері жоқ мектептерге беруде, өйткені компьютерлер шығармашылық ойлау қабілетін басады. Болашақтың тірі мұғалімі оқушыға тек құнды тәжірибесі мен бірегей білімін беруге дайындығы үшін ғана үлкен ақша ала алатын болады. Бірақ, сонымен бірге арзандап бара жатқан автоматтандырылған еңбегі бар қатаң бәсекелестік есебінен кәсіптік сапаға талаптар да артады.