You are here

Білім мен дағдылар жаһандық форумы білімді популизмді дамытудың басты факторы етіп анықтады

Printer-friendly versionPDF version

Global Education and Skills Forum, 22.03.2017

Зерттеулер білім деңгейінің және халықтың Ұлыбританияның ЕО-тан шығу мен Дональд Трампты қолдауға дауыс берудің арасында үлкен корреляцияны көрсетеді. Екі жағдайда да бұл тандау білім деңгейі төмен адамдардың арасында кең таралған.

Жаһандық білім мен дағдылар форумындағы пікірталастың шеңберінде популизмнің дамуы халық білімінің төмен деңгейінің нәтижесі ретінде талқыланды.  

Анықтама үшін: Популизм – саяси позиция, оның негізінде белгілі бір саяси күштің көпшілік сенімі мен қолдауына жетуге, халыққа ұнауға ұмтылыс жатыр. Бұл кезекте, популист саясаткерлер шынайы мақсаттарын (билікке талас, байлық және т.б.), әдетте, әлеуметтік тұрғыдан тартымды идеялармен жасырады.

  1. Білім деңгейі мен популисттердің пайдасына қарай дауыс берудің арасындағы өзара байланыс

Camfed Люси Лейк (Lucy Lake) ұйымының басшысы Трамптың сауатсыз адамдар мен популизм артуының арасындағы байланысты көргенін атап өтті. Республикалық президенттік жарысты жеңіп алғаннан кейін ол баяндамасын "Мен сауатсыз адамдарды бағалаймын" деген сөздерден бастады. 

Анықтама үшін: Camfed – білім деңгейін және жас келіншектердің мүмкіндіктерін арттыру арқылы Африкадағы кедейлікті жоюға арналған коммерциялық емес ұйым.

Білімнің жоқтығы, Лейктің айтуынша, құқықсыздыққа әкеледі, ал сапалы білім, керісінше, адамның мүмкіндіктерін арттырады. 

2.   Білім – популизмге қарсы мықты құрал

Білімнің күші популизмге қарсы күресте – білімнің басты ролінің тағы бір индикаторы - саяси пікірді қалыптастыру. ЮНЕСКО-ның бас директоры Ирина Бокованың айтуынша, популисттер білімнің мәнін түсінеді, осылайша, оған инвестиция салмайды. Популисттерге халықтың сауатсыз болғаны жақсы. Пікірталас қатысушыларының екінші бөлігі популизмнің дамуы халық білімінің төмен деңгейінің нәтижесі емес деп санайды.

  1. Білім популизмнің дамуы мәселелерінде айыпты болмауы керек

Брукинг баршаға білім беру орталығының директоры (Brookings Center for Universal Education) Ребекка Уинтроптың айтуынша (Rebecca Winthrop), адамды бар бәледен құтқаратын панацея емес.

2.   Білімге үміт арта отырып, біз популизмнің шынайы себептерін ескермейміз

Грецияның бұрыңғы премьер-министрі Джордж Папандру (George Papandreou) мен Ребекка Уинтроп экономикалық теңсіздік, жылдам технологиялық өзгерістер мен жаппай көші-қон сияқты мәселелерге назар аудара отырып, популизм мәселесін шешу керек деп санайды. Папандру технологиялық революция кең мүмкіндіктерді ашатынын, бірақ сонымен бірге қоғамға қауіп төндіретінін атап өтеді: роботтар адамдарды алмастырып, жұмыс орындарының көп санын алады. Жұмыссыздық деңгейі артып жатыр.

Пікірталастың нәтижесінде, қатысушылар популизмнің артуына қарым-қатынасына қатысты дауыс берді.

Алғашқы дауыс беруде (пікірталас басталмай тұрып) қатысушылардың 57%-ы популизмнің артуы халық білімінің төмен деңгейі болып табылатынына сенімді болды, 28%ы оған білім себепті емес деп жауап берді, 15%-ы жауап беруден бас тартты.

Пікірталас аяқталғаннан кейін қатысушылардың 44%-ы популизм артуының себебі әлі де білімнің төмен деңгейі десе, 51%-ы бұған қарсы болды, 5% дауыс беруден бас тартты.