You are here

Білім министрі ресейлік студенттер мен оқушыларды не күтіп жатқаны туралы айтып берді

Printer-friendly versionPDF version

lenta.ru, 06.02.2017

Сауда-өнеркәсіп палатасы кәсіпкерлерімен кездесу шеңберінде Ресейдің Білім министрі Ольга Васильева "ресейлік мектептер неліктен әлемдегі ең үздік мектептер?", "түлек емтихандар қалай өзгереді?" және "мұғалімнің беделін неге көтеру керек?" туралы айтты.

Министрдің айтуынша, Ресей елдегі білімді лайықты деңгейге көтеріп жатыр, ол әрқашан да сол деңгейде болған да. Оппоненттер бүгінгі таңда Еуропадағы ең үздік білімді Финляндия береді деп айтады. Өз кезегінде, 1809ж. Ресей Федерациясының құрамына кіріп, финдер ресейлік білім берудің мазмұны мен әдіснамасын толық өздеріне алғанын көпшілік білмейді.

Қазіргі уақытта мұғалімнің жоғары әлеуметтік ролін қайтару негізгі міндет болып табылады. Білім берудің мазмұнын өзгерте отырып, оның пікірінше, ең алдымен мұғалімге кәсіби дайындықпен көмектесу керек, оны сан қилы қағаздан босату керек. 

Мектептердің екінші мәселесі – мазмұны нашар федералдық мемлекеттік білім беру стандарттары. Бала әр сыныптың соңында әр пән бойынша нені біліп, нені жасай алуы керек екені туралы нақты түсінік жоқ. Сондықтан бүгін Білім және ғылым министрлігінің алдында тұрған және іске асырылып жатқан бірінші міндет — стандарттарды толтыру.

Оқулықтар - Васильева атаған тағы бір мәселе. Федералдық тізбеде бүгін олардың саны - 1276. Мектеп бағдарламалары жиі бір-біріне ұқсамайды, сондықтан оқулықтан тізбесі пәннің тұжырымдамасы негізінде жасалу керек. Олар барлық мектеп пәндері бойынша 2017 жылдың соңында дайын болады.

Емтихандардың форматы да өзгеріп жатыр. 9-сыныптан кейінгі түлек емтихандарға орыс тілінен ауызша бөлім қосылды. Бұл балалардың сөйлеу дағдыларын дамыту үшін жасалып жатыр, өйткені бүгінгі таңда сабақ мұғалімнің монологы нысанында жиі өтеді. Сонымен қатар, түлектердің БМЕ тапсырылмайтын пәндер бойынша  тексеру жұмыстары енгізіледі. 

Сонымен бірге, инфрақұрылымдық мәселелерді шешу керек. Қазір елде 42 мың мектеп бар. Соның ішінде 26 мың — ауылдық. Мектеп ғимараттарының басым бөлігі 40-50 жыл бұрын салынған. Мектептерді толтырудың үлкен мәселесі бар. 23 мыңнан астам бала үшінші ауысымда оқып жатыр. 2017ж. мектептердің құрылысына федералдық бюджеттен 25 млрд. рубль ($422,2 млн.) бөлінді.

Жоғары білім беру жүйесінде қазір үш басты міндет бар: қолжетімділік,  тәжірибелілік және сапа.

Биыл теңдессіз бюджеттік орындар болады. 11-сыныптың әрбір 100 түлегіне 57 орын тиісті болдаы. Соның ішінде 46% инженерлік мамандықтарға берілді. Пед.ЖОО-ға қабылдау 9%-ға, медициналывқ ЖОО-ға 8%-ға артты. 

Жұмыстың маңызды бағыты бизнеспен өзара әрекеттесу болады. Биылғы жылдан бастап, студент, ЖОО және кәсіпорын немесе муниципалдық мекеменің арасындағы үшжақты келісімшарт негізінде барлық ЖОО-ға студенттерді мақсатты қабылдау іске қосылады. 

Студентті жіберіп жатқан ұйым оған әлеуметтік тұрғыдан қолдау көрсету керек: жоғарылатылған шәкіртақы төлеу, тұратын жер мәселесін шешу. Содан соң түлек осы ұйымда үш жылдан кем болмайтын мерзімде жұмыс жасауға міндетті болады.