You are here

Білім министрлігі ата-аналарға қаржы ағымдарын бақылау механизмдерін ұсынды

Printer-friendly versionPDF version

Минобрнауки КР, 12.02.2016

Қырғызстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Үкімет отырысында демеушілік қаржыны жұмсаудың мөлдір механизмін ұсынды. 

Мектептер шығындарын өтеуде мемлекеттік қаржының жетіспеушілігінен "бейресми" төлемдердің өсуі байқалды. 2015ж. мемлекеттік және муниципалдық мектептердің қажеттілігі республикалық бюджеттен 86%-ға ғана өтелді. Бұл механизм Білім және ғылым министрлігі анықтаған пилоттық мектептерге енгізіледі. 

Жаңа қаулыға сәйкес, қамқоршылық кеңесі бар мектептер қайырымдылық үшін банктен шот аша алады. Банктер әр мектеп бойынша қайырымдылық сомманы мектептің ашық онлайн картасында үнемі жариялап тұруы керек.  

Әр білім беру мекемесі бойынша мемлекеттік қаржыландыру туралы ақпарат пен бұл мәліметтер ата-аналарға мектептің қаржылануын бақылауға мүмкіндік береді. 

Ата-аналар көмегінің негізгі бөлігі мектептің жөндеу жұмыстарына, оқу процесін техникалық жабдықтауға және балалар қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жұмсалады.