You are here

Білім үшін тартыс: Азия ЖОО-ң құпиясы

Printer-friendly versionPDF version

Росбалт, 05.04.2016

ЭЖМ шығыстану мектебінің басшысы Алексей Маслов азиялық ЖОО әлемдік рейтингтердің шыңына қалай шыққаны, ал ресейлік ЖОО шетел студенттері үшін неге тартымсыз болғаны туралы пікірмен бөлісті.  

Жоғары мектептің реформасын өткізіп, Қытай, Оңтүстік Корея, Сингапур өздерінің ЖОО-ын Times Higher Education бойынша үздік жүздікке шығарып қана қоймай, инновациялар жағынан да жетістіктерге жетті.  

Бұл елдерде кадрлық әлеуетті дамытуға көп күш жұмсалды. Атап айтсақ, 2015ж. щетелдік оқуда 750 мың қытайлық болды. Сонымен қатар, қытайлық оқыту стандарты міндетті шетелдік тағылымдаманы қарастырады. 

Жеке әлеуетін дамытумен қатар, шетелден ғалымдар белсенді тартылды. Қытай да, Сингапур да қымбат зерханалық құрал-жабдықтарды сатып алады да, өз базасын шетелдік зерттеушілерге ұсынады. Зерттеулерді жариялау нәтижесінде екі: автор жұмыс істейтін сингапурлық немесе қытайлық университеттің және ЖОО-ның лейблі қолданылады

Университетті ірі ғылыми база ретінде дамытуға да баса назар аударылады. Қытай ЖОО табыстың 25%-ын ғылыми әзірлемелерге жұмсайды. Бұнда оқытудан босатылған қызметкерлердің арнайы санаты жұмыс істейді. 

Дегенмен, Масловтың пікірінше, қаржы — бұл мемлекеттердің жоғары білімдегі табысының маңыздылығы бойынша тек үшінші факторы ғана. 

Бірінші орында - ЖОО-ны әлемдік нарыққа шығуды ұйымдастыру, екінші орында — ашықтығы. Сингапур, Оңтүстік Корея, Қытай батыс білімінің дайын матрицаларына ашылды, бірақ оларды сауатты қайта қарастырды. Масловтың пікірінше, егер оқытушылардың жалақысын көтеріп, ресейлік білім беру жүйесіне үш есе артық қаржы құйғанның өзінде-ақ ол 5%-ға да жақсырақ жұмыс істемейді.  Ресейдің қатесі - батыс стандарттарын ала отырып, олар бойынша жұмыс жасайтын адамдарды тәрбиелемеді. Нәтижесінде, ескі білім жүйесі құлдырады, ал жаңасын құра алмады. Ресейлік ЖОО көп бөлігі сол баяғы кеңес үкіметі кезіндегі университеттер болып қала берді. 

Ресейлік ЖОО бәсеке қабілеттілігін жоғарылатудың бірден-бір шешімін Маслов әлемнің жетекші ЖОО-мен бірлескен зерханалар мен ағылшын тіліндегі магистерлік бағдарламалар жасау деп санайды. Бірінші кезекте олар нақты ғылымдар мен медицина саласында жұмыс жасау керек. Сол кезекте, ағылшын тілін орта мектеп деңгейінде оқыту керек, ал студенттер оған уақытын кетірмес үшін ЖОО бағдарламасынан пән ретінде шығарып тастау керек. 

Екіншіден, жеке ғылыми зертханалар мен технопарктер құруды ынталандыру керек. Сонымен қатар, әрбір осындай зертхана стартап болып табылатынын, оған жарнама жасау үшін кемінде 5-8 жыл керек екенін атап өту керек. Оны осы мерзімге салықтан максималды босату керек. .

Дегенмен, оларды ЖОО-дан алшақтатуға болмайды. Қытайда бірнеше ірі технопарк толығымен ЖОО-ға тиесілі. Шанхай бойымен 3-4 университетке тиесілі тұтас зертханалық-техникалық алабы созылады. 

Сонымен қатар, Ғылым академиясын саналы түрде реформалауды жалғастыру керек, зерттеу және академиялық институттар арасында тығыз байланысты орнату керек. 

Ресейде ірі халықаралық конференцияларды белсенді өткізу және оларды мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру, халықаралық зерттеушілерге жалға беру үшін зертханалар құру керек.