You are here

Білім және ғылым министрлігі ғылыми жобаларды өткізуге ЖОО-ға гранттар бөледі

Printer-friendly versionPDF version

begin.ru, 29.07.2016

26 шілдеден 10 тамызға дейін университеттер немесе олардың жекелеген өкілдері РФ Білім және ғылым министрлігінің Ғылым және технологиялар департаментіне жобалар байқауына қатысу үшін өтініш бере алады. Жеңімпаздар өз бастамаларын жүзеге асыруға жылына 10 млн. рубль үш жыл қатарынан алатын болады.

Байқау жобаның үш түріне арналған әртүрлі шарттарды қарастырады. Атап айтқанда, «Болашақтың ғылымдары» жобасы университетте, зерттеу орталығында, ғылыми зертханада қолданбалы ғылымды дамытуға арналады. «Бастамалардың апробациясы» – қолданбалы және ізденіс зерттеулерінің нәтижелерін тәжірибеде қолдануға арналған жобалар. «Құзыреттіліктерді дамыту» – қолданбалы зерттеулерге арналған жобалар, оның нәтижелері кәсіпорынға дайын әзірлемені немесе технологияны өндіріске енгізу үшін беру болып табылады.  

Жобаға ЖОО штаттық ғылыми қызметкерлері, аспиранттар, студенттер, жас ғалымдар қатыса алады.