You are here

Білім және ғылым министрлігі ғылыми жобаларға арналған краудфандинг платформасын құрмақшы

Printer-friendly versionPDF version

Crowdsourcing.ru, 14.07.2016

РФ Білім және ғылым министрлігі ғылыми-техникалық интеграция, зерттеулерді жоспарлау және тапсырыс беру ұлттық платформасын құруды жоспарлап отыр. Оның көмегімен жас ғалымдар өз жобасын онлайн жариялап, әлеуетті инвесторларды таба алады. Ал бизнеске жүзеге асырылған немесе әлеуетті сәтті және қызықты ғылыми әзірлемелерді іздеу мүмкіндігі беріледі. БҒМ Ғылым және технологиялар департаменті директорының орынбасары  Сергей Матвеевтің айтуынша, платформа отандық ғылыми және технологиялық әзірлемелер негізінде жаңа өнімдер мен қызметтерді жасау және дамыту үшін ресейлік ғылыми ұжымдардың бизнеспен өзара тез әрі тиімді қарым-қатынасын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. 

Соңғы уақытта Ресейде есеп жүйесі кезең-кезеңімен тұрғызылды, бұнда бюджеттік қаражатты тартумен орындалған зерттеулер мен әзірлемелердің нәтижелері көрініс тапты. Бүгін жалпы деректер қорында 1,5 млн. ҒЗТКЖ, он мыңдаған зерттеулердің нәтижелері, соның ішінде ұлттық және шетелдік патенттермен қорғалатын зерттеулердің нәтижелері туралы ақпарат бар.

Платформаның жоспарланған қызметі нақты ғылыми ұжымдармен тікелей электронды алаңда бизнес-өнімдермен жұмыс жасау үшін келісімшарттар қалыптастыруға мүмкіндік береді. Нәтижелері патентке дейінгі кезеңде нарыққа бағытталған ҒЗТКЖ үлесін айтарлықтай ұлғайтуға мүмкіндік береді. Жүйе кез-келген ғалым немесе ғылыми ұжымға қолжетімді болады.