You are here

Білім және ғылым министрлігінде қазақстандық талапкерлер неліктен РФ-ке баратыны туралы айтылды

Printer-friendly versionPDF version

ng.ru, 29.08.2017

Әлеуметтік зерттеулер орталығы әзірлеген шетелдік студенттер туралы зерттеу ресейлік ЖОО-ларда оқитын Қазақстан студенттерінің саны басым екенін көрсетті (толығырақ №113 дайджесттен оқыңыз).

2015-2016 академиялық жылы ресейлік ЖОО-ларда Қазақстаннан келген 73 455 студент білім алды (+4%). РФ Білім және ғылым министрлігі Әлеуметтік зерттеулер орталығы директорының орынбасары Александр Арефьев РФ жоғары білім беру жүйесінің қазақстандық талапкерлер үшін тартымдылығының себептерін атады.

Біріншіден, ТМД елдерінде орыс тілінде білім алуға болатын ЖОО-лардың саны азаюда. Осы кезекте, 2014ж. бастап валюта айырмашылығының себебінен РФ-нда білім алу өте тиімді болды. Орташа есеппен бұл АҚШ немесе Еуропамен салыстырғанда 3-4 есе арзан. Сонымен қатар, студенттерге арналған әлеуметтік тұру жағдайы едәуір жақсарды және ағылшын тілді бағдарламалардың саны артты.

Александр Арефьев, сондай-ақ, соңғы 10 жылда ұлтшылдық пен нәсілшілдіктің анағұрлым аз байқалуы ресейлік білім беруді танымал етуде өте маңызды рөл атқарды деп болжамдады. 

Сонымен қатар, халықаралық келісімшарт бойынша Қазақстаннан келген талапкерлер орта білім туралы аттестатты растау рәсімінен өтуге міндетті емес. 

Жақын арада "Білім экспорты" басым жобасының шеңберінде шетелдік студенттердің келіп-кету, олардың Ресейде оқуы кезінде тағлымдамадан өту және жұмысқа орналасу  ережелерін оңайлату жоспарланып отыр. Шетелдік студенттерді тарту үшін қазірдің өзінде 39 ЖОО анықталды, олардың тәжірибесі 2021 жылға қарай елдің қалған ЖОО-ларына таратылады (толығырақ №108 дайджесттен оқыңыз).