You are here

Билл Гейтс және Марк Цукерберг стандартталған оқытуды қолдады

Printer-friendly versionPDF version

bussinessinsider.com, 11.07.2017

Билл Гейтс және Марк Цукерберг "дербестендірілген оқыту" тұжырымдамасын қолдайды, дегенмен, стандартты білім беру бағдарламаларын қаржыландыруды да жалғастырып жатыр.

Дербестендірілген оқыту Кремний алқабында заманауи үрдістердің бірі болып табылады. Тұжырымдамаға сәйкес әрбір оқушы  арнайы жасалған бағдарлама бойынша оқиды. Осындай бастама Билл Гейтс және Марк Цукерберг тарапынан бірнеше рет қолдау тапты. Алайда, мультимиллиардерлер әрбір нақты мемлекет үшін көбінесе стандартталған жоспарларды қолданумен оқыту моделін  қолдайды.

Bridge International Academies – бұл Кенияда және Угандада, сондай-ақ Нигерияда, Үндістанда және жақын уақыттан бері Либерияда орналасқан қымбат емес мемлекеттік емес бастауыш мектептер желісі. Осы мектептердің негізгі мақсаты – баршаны жоғары сапалы, қымбат емес біліммен қамтамасыз ету. Осы мектептерде жергілікті мұғалімдер компания нұсқаушыларының халықаралық желісі арқылы сандық түрде таратылатын алдын ала жасалған сабақ жоспарын пайдаланады.

2015 жылы компания есебін жариялады, оған сәйкес Bridge 1-2 сынып оқушыларының жылдам оқу және математика деңгейі, қарапайым жалпы білім беретін мектеп балаларына қарағанда, 2-3 есе жоғары болды.