You are here

Бразилия жағымды кемсіту саясатын қалай енгізді?

Printer-friendly versionPDF version

Журнал «Вопросы образования» НИУ ВШЭ, 22.07.2016

Бразилия жоғары білім беру саласына жағымды кемсіту саясатын жағдайы төмен топ өкілдері, африкалық-бразилиялықтар және жергілікті халықтың мемлекеттік ЖОО-дағы үлесін арттыру арқылы жүзеге асырды.

Бразиялық тәрізді қоғамдарда білім беру саласындағы теңсіздік халықтың белгілі топтарының еңбек нарығындағы мүмкіндіктерінің шектелуіне әкеледі және осылайша олардың әлеуметтік шеттелуіне ықпал етеді. Әсіресе африкалық-бразилиялықтар мен үндістер қатты кемсітіледі. Егер жергілікті халық бүкіл халықтың 1%-дан кем үлесін құраса, африкалық-бразилиялықтар мемлекет азаматтарының жартысынан астамын құрайды.

Анықтама үшін: Жағымды кемсітушілік – жынысы, нәсілі, ұлты және т.б. қарай кемсітілетін халықтың белгілі топтарына тең мүмкіндіктерді беруге бағытталған саясат.

2002ж. Рио-де-Жанейро университеттері жағымды кемсіту саясатын жүзеге асырудың тұңғыш жол салушылары болды. 2007 жылға қарай жағымды кемсіту бағдарламалары бүкіл елдің 34 мемлекеттік ЖОО-да жұмыс істеді. Шамамен 10 жылдан кейін инклюзивтік тәжірибені енгізген университеттердің саны жүзге дейін өсті.

2012ж. Бразилия конгресі 10 жылдық мерзімге Федералдық заңды қабылдады, оған сәйкес федералдық ЖОО-да  орындарының 50% мемлекеттік орта мектептерінің түлектеріне арналады және олардың әлеуметтік және нәсілдік шығу тегі есебімен үлестіріледі.

Осылайша, бұдан былай және кемінде 10 жыл бойы федералдық университеттердегі жағымды кемсітушілік мемлекеттік саясат мәртебесін алуда.  

Риу-Гранди-ду-Сул федералдық университетке (Universidade Federal do Rio Grande do Sul) жағымды кемсіту саясаты бағдарламасын енгізгенге дейін қабылдау емтихандарының нәтижелері бойынша  университетке қабылданған талапккерлердің арасында африкалық-бразилиялықтар тек 3,27% ғана құрады. Нәсілдік квоталарды бекіткеннен кейін олардың үлесі 11,03% дейін өсті.

Анықтама үшін: АҚШ ЖОО-да жағымды кемсіту бағдарламалары 1960-шы жылдардың өзінде-ақ жүзеге асырыла бастады. Дегенмен, 1986ж. АҚШ Жоғарғы соты ЖОО-да нәсілдік квоталарды қолдану Конституцияға қайшы келеді деп қаулы етті. Солай бола тұра, нәсілдік тиесілік талапкерлерді іріктеуде қабылдау комиссиялары есепке алатын критерийлердің бірі ретінде танылды. Бұндай шара академиялық ортаның әртүрлілігін жоғарылатуға мүмкіндік береді және жалпы алғанда қоғамға жағымды әсер етеді.