You are here

Бразилияның "Шекарасыз ғылым" бағдарламасы неліктен сәтсіздікке ұшырады?

Printer-friendly versionPDF version

The Boston College Center for International Higher Education, 1.05. 2016

2011ж. Бразилияда "Шекарасыз ғылым" бағдарламасы жүзеге асырыла бастады. Бағдарлама   STEM (жаратылыстану, инженерлік-техникалық және математикалық ғылымдар) саласында 101 мың студенттің шетел университеттерінде білім алу мүмкіндігін қарастырады. Бағдарламаның бастамашысы елдің экс-президенті Дилма Русеф болды. Бастапқы бюджет $1,2 млрд. құрады.

Мемлекетте жаратылыстану және техникалық салаларда мамандар жетіспейді. Бразилиялық студенттердің әлемнің үздік университеттеріне оқуға түсуге көмектесу бағдарламаның міндеті болды,   бұл Бразилия жоғары білімнің интернационализациялануына да ықпал етті. 

Бағдарлама 5 жыл жүзеге асырылып келеді, енді оның болашағына қауіп төніп отыр. Бразиялық реалдың америкалық долларға қатысты құнсыздануына байланысты 2015ж. күзде бағдарламаны қаржыландыру тоқтатылды. Қазіргі уақытта қаржылық көмекті шетелде оқып жатқан студенттер ғана алады. 

Бағдарламаны жүзеге асыру жоспарына қоғам және сараптамалық талқылаулар енбеген. "Шекарасыз ғылым" бастамасының ерекшелігі - оның бакалавриат студенттерін қолдауға бағытталғаны. "Шекарасыз ғылым" шеңберінде берілген барлық шәкірақылардың шамамен 79%-ы  бакалавриат студенттеріне арналған шәкіртақылар болды. Сұраныстың болмауы мәселені тудырды. Бразилия бакалавриат студенттері ағылшын тілін нашар біледі. Федералдық агенттіктерге халықаралық білімнің қолжетімділігін жеңілдету мақсатында үміткерлерге арналған тілдік курстарды тез арада ұйымдастыру керек болды.   

Өтініш білдірген 101 мың шәкіртақының 26 мыңы жекеменшік қаражаттар есебінен жүзеге асрылады деп күтілді. Мемлекеттік қызметкерлер мен әлеуетті демеушілердің бағдарламаның мақсаттары мен міндеттерін әртүрлі түсінуі демеушілердің одан бас тартуына әкеліп соқтырды. 

Сонымен қатар, бакалавриат студенттеріне арналған шәкіртақылық бағдарлама отандағы біліммен сәйкес келмейді: кейде шетелде студенттер елінде өтпеген бағдарламаға түседі, өздеріне керек емес немесе  Бразилияда оларға қайта есептеуден бас тартатын курстарға барады.