You are here

Бристол университеті жағдайы төмен отбасылардан шыққан оқушылар үшін өту балын төмендетеді

Printer-friendly versionPDF version

ВВС, 15.12.2016

Бристол университеті түлек емтихандар бойынша балдары төмен, жағдайы төмен отбасылардан шыққан студенттерді қабылдайды.

Анықтама үшін: Бристол университеті – Ұлыбританияныңң жетекші ЖОО бірі,  QS World University Rankings 2016/17 әлемдік университеттердің жалпы рейтингінде 41-орынды алады. Ұлыбританияның үздік 24 университеттерінің "Рассел" элиталық тобына кіреді.

Бір орынға 8 адамды құрайтын конкурсы бар Университет әрбір жергілікті мектептің жағдайы төмен отбасылардан шыққан түлектеріне 5 орын бөледі. Орындар түлек емтихандарының бағалары бойынша емес, мектеп директорының оқушылардың әлеуетін бағалау негізінде үлестіріледі.

Университет өкілдерінің айтуынша, ЖОО студенттер контингентін әртараптандыру мақсатын қойды. Университеттер мен колледждерге қабылдау қызметінің деректері (UCAS) жағдайы төмен отбасылардан шыққан жастардың ЖОО-ға түсу ықтималдығы олардың басқа құрдастарымен салыстырғанда, 4 есе жоғары болатынын көрсетті.

Сонымен қатар, пилоттық жобаның шеңберінде бірнеше грант өтініш берушінің әлеуметтік мәртебесі негізінде берілетін болады. Бұл топқа, атап айтқанда, мектепте тегін тамақ алған және олардың отбасында университетте алашқы болып оқитын түлектер жатады.