You are here

Британдық кеңес мемлекеттердің білім беруді интернационалдандыру саласындағы саясаттарын бағалады

Printer-friendly versionPDF version

Pienews, 20.07.2017

Британдық кеңес зерттеудің деректеріне сәйкес Германия, Нидерланды, Малайзия және Гонконг – бұл анағұрлым қолайлы халықаралық білім беру саясаты бар мемлекеттер.

Зерттеу шеңберінде әлемнің 38 елінің халықаралық білім берудің бастамаларын, соның ішінде студенттердің ұтқырлығына, трансұлттық білім беруге, халықаралық зерттеулерге ықпал ететін саясаты қарастырылды. 

Баяндамада кейбір үкіметтер зерттеулерді өткізу және студенттердің ұтқырлығы сияқты шараларға көп қолдау көрсетеді, ал басқалары араласпау тәсілдерін ұстанады, бұл нституционалдық дербестікті арттыруға мүмкіндік береді деген қорытынды жасалды.

Британдық кеңестің білім саласындағы зерттеулер бойынша аға кеңесшісі Майкл Пиктің (Michael Peak) пікірінше халықаралық жоғары білім бірқатар елдер үшін басымдық болып табылады. Бұл кезекте осы үрдіс 10-15 жыл бұрын соншалықты кең таралмаған болатын.

Бір миллионнан астам шетелдік студенттері мен зерттеу жұмыстарының жоғары деңгейі бар болса да, АҚШ зерттеудің қандай да бір көрсеткіші бойынша жоғары нәтижелерге қол жеткізбегені ғажап болды.

Бір жағынан бұл жоғары білі беру саласындағы ұлттық саясаттың болмауымен байланысты. Интернационалдандыру бойынша жұмысты ЖОО-лар институционалдық деңгейде атқарады.

Гонконг және БАӘ сяиқты экономикалық тұрғыдан ашық және жоғары деңгейде интернационалды болып табылатын шағын мемлекеттер де халықаралық білім беруді дамытуда жақсы нәтижелерді көрсетеді.

Қазіргі уақытта трансұлттық оқыту анағұрлым танымал болды, әсіресе Шығыс Азияда, бұнда саясат жиі өзгереді және ол шетелдік қызмет жеткізуге қатысты ережелерді либерализациялауға бағытталады.

Бұдан бұрын шетелдік жоғары білім қауіп ретінде қарастырылды, бірақ енді жоғары білім берудің қолжетімділігін кеңейту үшін ынтымақтастық жергілікті басымдықтарды қолдауға көмектесетініне үкіметтің көзі жетті.