You are here

Британдық студенттер "брекситтен" кейін Эрасмус еуропалық академиялық алмасу бағдарламасынан шығарылуы мүмкін

Printer-friendly versionPDF version

The telegraph, 24.07.2016

Бағдарламаның жетекшісі Рут Синклер-Джонстың айтуынша, 2017 жылға арналған жобаға қатысу оған дейін бекітілген жоспар бойынша жүзеге асырылады. Бұдан кейінгі жағдай әлі де белгісіз болып қалуда. 

Ұлыбритания 1987 жылы құрылған Эрасмус бағдарламасынан шығарылған жағдайда, британдық студенттер еуропалық ЖОО-да білім алуға арналған гранттар мен стипендиялар алуын тоқтатады. Өз кезегінде, бұл еуропалық мемелекеттердің 27 000 студентінің Ұлыбританияда оқуын тоқтатуға әкеліп соқтырады.

Бғдарламаны жасаушылар бұндай сценарий құрамдас университеттердің қаржы шығындарына  үлкен залал келтіреді және бүкіл корольдік үшін "үлкен трагедия" болады деп санайды. ЖОО есептерінің деректері бойынша, тек 2014-2015 оқу жылының өзінде ғана еуропалық студенттер оқуға 600 млн. фунт стерлинг төлеген екен.