You are here

Британия мектептері директорлардың қысқа мерзімді жетістерін марапаттап, мектептердің ұзақ мерзімді дамуын елемейді

Printer-friendly versionPDF version

BBC, 20.10.2016

Нәтижелілікті Арттыру Орталығы (Centre for High Performance) 160 британдық мектептің басқару корпусына зерттеу жүргізді.

Анықтама үшін: Нәтижелілікті Арттыру Орталығы (Centre for High Performance) Оксфорд және Кингстон университеттерінің зерттеу тобы болып табылады. Орталық әртүрлі британдық және әлемдік ұйымдар қызметінің тиімділігін зерттеуді. 2016 жылғы наурызда Орталық оқушылардың нашар үлгерімі кесірінен Ofsted есебінде тұрған мектеп туралы есепті жариялады.

Зерттеу мектеп басшыларының 2 негізгі типін анықтады. Хирург-Директорлар күш-жігерін қысқамерзімді перспективада тестілеу кезінде мектептің табысқа жетуге бағыттайды. Олар оқушылардың төрттен бір бөлігін оқудан шығарып, мектептің шашамен әр оныншы қызметкерлерін жұмыстан шығарады. Хирург-Директорлар жылына £154 мың жалақы алады және өз жетістіктері үшін жоғары марапаттарды жиі алады. 

Архитектор-Директорлар басқаруды анағұрлым ұқыпты есеппен жүргізеді. Олар басты назарды мектептің этикасына, ата-аналармен қарым-қатынас жасауға және мектеп беделінің саясатына аударады. Архитектор-Директорлар жылына £86 мың жалақы алады және сирек марапатталады.

Хирург-Директорларының табыстылығы ұзақ болмайды және уақыт өткен сайын оқушылардың нәтижелері төмендей бастайды. Бұл тұрғыда архитектор-директорлардың қызметі анағұрлым тиімді. Көрнекі нәтижелерге қол жеткізетін директорлар, олар ұзақ мерзімді перспективада мектептің табыстылығына зиянды келтіретін іс-әрекет жасағанымен,  марапатқа қол жетеді.