You are here

Әбу-Даби Әміршілігі 2019ж. қарай барлық мұғалімдерді лицензиямен қамтамасыз етеді

Printer-friendly versionPDF version

The National, 17.04.2017

Әбу-Даби әміршілігінің Білім Кеңесі 2019 жылдан 2022 жылға дейін мемлекеттік және жекеменшік мектептердің барлық мұғалімдерін лицензиямен қамтамасыз етпекші. 

Мұғалімдерді лицензиялау мұғалімдер мен мектеп диреткорларын лицензиялау және стандарттау бағдарламасының аясында өтеді. Бағдарлама мұғалім мамандығына кіруге арналған талаптарды стандарттауға арналған. Педагогикалық білімі жоқ үміткерлер бағдарламаны аяқтағаннан кейін лицензия ала алады. Мысалы химия инженерлері химия немесе физика пәндерінің мұғалімдері бола алады, ал IELTS 6,5 балы бар үміткерлер ағылшын тілді мектептерде сабақ бере алады. 

Білім Кеңесінің жоспарына сәйкес барлық мұғалімдердің 50%-ы 2018ж. бағдарламамен қамтылады, 80% - 2019ж. және 100% - 2020ж. Лицензия 3 жылға жарамды. Лицензиялау көршілес Дубай әміршілігінде де жоспарланып отыр.