You are here

Чехияда міндетті мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз етуге $1 млрд бөлінді

Printer-friendly versionPDF version

Around Prague, 21.11.2016

Чехияда 2017ж. қыркүйектен бастап төрт жасқа толған барлық балалар  балабақшаға баруға міндетті. 2018ж. қыркүйектен бастап бұл жас 3 жасқа дейін, 2020ж. 2 жасқа дейін төмендетіледі. Алайда, қазіргі уақытта көптеген чех балабақшалар мен мектепке дейінгі мекемелер балалардың бұндай санын қабылдауға қабілетсіз.

Заңжобасын әзірлегенде 2008ж. бэби-бумнан кейін туылу деңгейінің төмендеуі байқалды, алайда 2012ж. жағдай өзгерді. Балалардың саны біртіндеп артып, міндетті білім туралы заң  орындардың жетіспеушілігін туындатып отыр.

Балабақшалар орындары жетіспеушілігінің мәселесі Праге мен қала маңындағы өңірлерде ерекше өзекті. Соңғы 10 жылда Прага халқының саны 7% артты. Алдын-ала бағалау бойынша Прага-9 ауданының өзінде-ақ 2,5 мың бала тұрғылықты мекен-жайы бойынша мектепке дейінгі білім ала алмайды.

Балабақшалар мен бастауыш мектептерді дамытуға 2014-2021жж. $1 млрд. бюджет бөлінді. Сонымен қатар, мәселені шешу үшін еуропалық қорлардан қаражат тартылуда.