You are here

Челябинсктің "жалықтырмайтын мектебі" қалай жұмыс істейді?

Printer-friendly versionPDF version

school7keys.com, 16.06.2016

Ресей-Британдық Басқару Институты (Ресей, қ.Челябинск) 2012 жылғы 1 қыркүйекте өзінің "7 кілт" атты жалпы білім беретін мектебінің есігін ашты. 

Мектептің ұраны: «Бәріміз әртүрліміз, бәріміз таланттымыз!». "7 кілт" мектебінде сабақ деген түсінік өзгертілген. Партада отырғанның орнына оқушылар сабақ үстінде сөйлейді, оқиды, жазады, компьютермен жұмыс жасайды, сыныпта жүреді, тапсырмалар орындайды, сурет салады. Оқушылар жай материалды меңгеріп қана қоймай, баяндама әзірлейді, журнал шығарады, фильмдер түсіреді, сынақтар жасайды. 

Мектеп қызметінің негізінде еркіндік принципі жатыр. Еркіндік мектеп ұсынатын пәндер мен сабақтарды тандауда көрініс тапқан. Сонымен қатар, таңдау еркіндігі балаларға арналған швед үстелі ұйымлдастырылған баланың тамақтануынан да көруге болады. Әр оқушы ата-анасының келісімімен таңертеңгі, түскі және кешкі асқа қалаған тағамдарын жей алады. 

Екінші принцип – шығармашылық. Бала мектепке қиналмай баруы үшін мұғалімдер оның табиғи әуестігі мен қызығушылығына сүйінеді. 

Үшінші принцип – дербестік пен жауапкершілік. Еркіндік пен шығармашылық бағыт болғанымен, балаларды дербес жұмыс жасауға және өз еңбегі мен іс-әрекетінің жемісіне жауап беруге үйретеді. Сабақтың көп бөлігінде оқушы дербес, бірақ жеке емес, құрамы жағынан әртүрлі топтарда жұмыс жасайды. 1-сыныптан бастап жобалық оқыту енгізілд. 

Білім беру бағдарламалары тәуелсіз, сонымен қатар шетелдік әріптестердің сараптамаларынан өтеді. 

Күннің екінші бөлігі өнер мен қолшеберлігіне: сурет салу, анимация студиясы, театр студиясы, хореография және т.б. арналады. Үдемелі дене шынықтыру сабақтары үшін мектептің 1-қабатында үлкен бассейн мен спорт залы бар. 

Мектепте тьютор жүйесі енгізілген, бұнда Ресей-Британдық Бсқару университетінің студенттері оқушылардың тәлімгерлері атанады. «7 кілт» мектебі – бұл ересек адамдар мен кішкентай бүлдіршіндер бір кеңістікте орналасатын білім беру ортасы.