You are here

Cоңғы 50 жылда бай және кедей отбасылардан шыққан балалардың сабақ үлгеріміндегі айырмашылық артып жатыр

Printer-friendly versionPDF version

The Independent, 15.12.2016

Sutton Trust британдық қор АҚШ, Австралия, Канада және Ұлыбританияда отбасының кірісіндегі айырмашылықтың бастауыш сынып оқушыларының сабақ үлгеріміне ықпалы туралы салыстырмалы зерттеуді өткізді.

Анықтама үшін: Sutton Trust – Ұлыбританияның білім беру қайырымдылық қоры, негізін 1997 жылы Питер Лампл әлеуметтік ұтқырлықты нығайту және білім берудегі теңсіздікпен күресу мақсатымен қалады.

Зерттеудің нәтижелері бойынша 4 елдің ішінен АҚШ-тың дәулетті және кедей отбасылардан шыққан балалардың арасында ең үлкен айырмашылық анықталды. Дәулетті отбасылардан шыққан балалар бастауыш мектепке түсерде өз құрдастарын бір жылға озады. Салыстыру үшін, Ұлыбританияда бұл айырмашылық 8 айды, ал Канада мен Австралияда жарты жылды құрайды.

Ұлыбританияның Үкіметі отбасы кірісіндегі айырмашылықтың балалардың үлгеріміне ықпалын азайту үшін шаралар қолданады. Үкімет жағдайы төмен отбасыларға мектепке дейінгі білім берудің аптасына 15 тегін сағатын ұсынады. Кірісі төмен отбасылар оқуға жылына $370 қосымша төлем ұсынылады.