You are here

Цукерберг Гарвард университетіне диплом алуға қайта оралды және түлектерді әлемді құтқаруға шақырды

Printer-friendly versionPDF version

Harvard Gazette, 25.05.2017

Марк Цукерберг Гарвард университетінің психология факультетінде оқып жүргенде Facebook-тің негізін қалады. Екінші курста ол оқуын тастап кетті. Енді миллиардер университетке қайта оралды, бірақ психологиялық білім алуды аяқтау үшін емес. Цукербергке құқық докторының құрметті дипломы табыс етілді.

Өз сөзінде Facebook-тің негізін қалаушысы кәсіпкерліктің мәдениеті кез келген қызметте зор ілгерілеуге қол жеткізуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Кәсіпкерлік мәдениет жаңа бастамаларды іске асыру мүмкіндігі болғанда көркейеді. Осылайша, Facebook Цукербергтің бірінші жобасы болған жоқ, ал Дж. Роулингтен Гарри Поттерді жариялағанға дейін 12 рет бас тартқан. Ең үлкен жетістіктерге сәтсіздікке шыдағандар ғана қол жеткізеді.

Цукербергтің айтуынша, жас буынға ұлы істер жасауға уақыт келді, және миллениалдарды әркім өз өмірінің мақсатын ұғатын ең үздік әлем құруға шақырды.

Анықтама үшін: Миллениал (Y буыны) – 80-ші жылдардың соңы – 90-шы жылдардың басында туылған адамдар буынының өкілі. Миллениалдар жаҺандану, индустрияландыру және сандық технологиялардың қолжетімділігі дәуірінде дүниеге келген. Гаджеттердің арқасында қоршаған ортамен 24/7 тәртібінде өзара іс-қимыл етуге үйренген.

Мысал ретінде Цукерберг Джон Кеннеди NASA ғарыш орталығына келген оқиғаны еске алды. Орталықтың аумағында ол аула сыпырушысын көрді. Кеннеди оған келіп, не істеп жүргені туралы сұрады. Оған аула сыпырушысы: «Президент мырза, мен адамды Айға жіберуге көмектесіп жүрмін» деп жауап беріпті.

Цукербергтің айтуынша, мақсат әркім өзінің бір үлкен нәрсенің бөлігі екендігін ұғынуында. Ол қажет, ол еңбектенетін және өз дағдылары мен икемін үнемі дамытатын нәрсенін болуында.