You are here

Дамушы елдерде білімге көрсетілетін қаржылық көмек 2017ж. төмендеді

Printer-friendly versionPDF version

BBC, 07.06.2017

Дамушы елдерде білім беруді қаржыландырудағы күшті мұқтаждыққа қарамастан, қаржылық көмектің дәрежесі 6 жыл бойы артпады. ЮНЕСКО деректері бойынша биыл көмек ретінде $12 млрд. бөлінді, бұл 2010ж. көрсеткіштен 4% төмен. Қазіргі деңгейде жалпыға ортақ бастауыш білімге 2042ж., жалпыға ортақ орта білімге 2084ж. жоспарлы мерзімдерден 12 жылға кейінірек қол жеткізілуі мүмкін.

ЮНЕСКО білімге бөлінетін шектеулі қаражат ең мұқтаж өңірлерге берілмейтінін де атап өтеді. Мектептен тыс барлық балалардың жартысы Тропикалық Африка елдерінде орналасқан, алайда осы елдер жалпы қаражаттың тек төрттен бір бөлігін ғана алады.

Бұл кезекте, сирия босқындары орналасқан мемлекеттерге анағұрлым көп қаражат бөлінеді. Қазіргі уақытта АҚШ, Дүниежүзілік банк, Ұлыбритания және ЕО басты демеушілер болып табылады. 

ЮНЕСКО дамыған елдерде білім берудің маңызын атайды. Экономикалық дамуға, бала өліміне және ел ішіндегі мүмкіндіктердегі теңдікке оң ықпалдар күтілуде.