You are here

Дамушы мемлекеттер арасында 5 жасқа дейінгі балалардың 43%-ы даму мәселелеріне тап болды

Printer-friendly versionPDF version

The Nation, 06.10.2016

Қазіргі уақытта бес жасқа дейінгі 249 млн. бала (43%) дамушы елдерде өз әлеуетіне қол жеткізе алмай отыр.

Оның себептері - тамақтану мен күтімнің жеткіліксіздігі, жұқпалы аурулар. Бұндай жағдай Африка және Оңтүстік Америка елдеріне тән. Есептің авторлары балаларға мектепке дейінгі білім беру және күтім жасауды толық дамудың шарты ретінде қамтамасыз ету қажеттілігін атап өтеді.

Мектепке дейінгі жастағы балалардың жеткіліксіз дамуы табыстың деңгейін 25%-ға төмендетіп, үкіметтің денсаулық сақтауға жұмсайтын шығыстарын жақын арада екі есе арттыруы мүмкін.

Балалардың дамуы мәселесін шешу үшін кем дегенде екі жыл тегін мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз ету ұсынылады. Алайда, әлемелдерінің тек 43% ғана бір немесе одан да көп жыл тегін мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз етеді. Дамыған мемлекеттердің әр үшіншісі дерлік тегін мектепке дейінгі біліммен мүлдем қамтамасыз етпейді.

Бұдан бұрын Гарвард Университетінің ғалымдары дамушы елдерде ағымдағы жылы туған балалардың табыстары дамуының артта қалуына байланысты $177 млрд. кем болатынын  анықтады.