You are here

Данияда робот балаларды бағдарламалауға үйрететін болады

Printer-friendly versionPDF version

Venturebeat, 17.01.2017

Данияда Kubo роботы балаларға бағдарламалауды үйретеді. Бағдарламалауды үйрену әртүрлі бас қатырғыш тапсырмаларды орындау арқылы жүзеге асырылады. Бас директор Томми Отзеннің және Kubo  құрастырушыларының біреуінің пікірінше, балаларды бағдарламалауға ерте жастан үйрету керек, өйткені 2034ж. қарай жұмыс орындарының 47% автоматтандырылады. 

Kubo роботын 2017ж. көктемде Indiegogo атты даттық компания әзірледі. Бір Kubo роботының құны $170 құрайды. Kubo жұмыс істеуі үшін TagTile бағдарламалау тілі жасалды, ол балаларға сезу ортасында үш жастан бастап бағдарламалаудың тұжырымдамаларын үйренуге мүмкіндік береді (экрансыз). TagTile бағдарламалау тілі бас қатырғыштың түрлі-түсті бөлшектерінен тұрады. Балалар бұл бөлшектерді қосып, роботтың қозғалысына қарапайым пәрмендер береді. Бөлшектердің үстімен жүріп, робот берген пәрмендер туралы ақпаратты оқиды. Осылайша, балалар цикл, функция, әдіс және т.б. сияқты бағдарламалаудың тұжырымдамаларын оқиды.  

Сонымен қатар, Tagtiles, тілінің әртүрлі жиындарын пайдалана отырып, балалар мәтінді оқуға, арифметикаға үйрене алады және тіпті әуен жасай алады. Kubo балаларды сыни ойлау, қарым-қатынас жасау, өзара іс-әрекеттесу және шығармашылыққа да үйретеді. 

Әрбір Kubo роботы TagTiles жиынымен ұсынылып, оңай түрлендіріледі. Жаңа функционалдық мүмкіндіктерді қосу мүмкіндігі бар. Kubo жұмысы инженерлік емес, педагогикалық қағидалар негізінде жасалады, әр сыныпқа немесе отбасыға балаларды 21-ғасырдағы өмірге дайындайтын құралдарды береді.