You are here

Дарынды балалар сабақтан босатылуы мүмкін

Printer-friendly versionPDF version

Edutaintime, 19.01.2016

РФ Білім және ғылым министрінің орынбасары Наталья Третьяктің айтуы бойынша, дарынды оқушылар күнделікті сабақтардан босатылулары мүмкін. 2013ж. 1 қыркүйекте күшіне енген заң мұғалімдерге жеке оқу жоспарларын құруға және дарынды балаларды сабақтан босатуға мүмкіндік береді. Оқушылар бос уақыттарын олимпиада немесе байқауларға қатысу үшін қолдана алады. Оқушылардың жетістіктері олардың портфолиоларында белгіленеді және жоғары оқу орындарына түсерде ескеріледі. 

2015ж. РФ Білім және ғылым министрлігі дарынды балалар реестрі жасалғаны туралы жариялады,  ол олипиадалар, шығармашылық және спорттық байқаулар негізінде қалыптастырылады. Оқушылардың бұл тобы сабақты тренердің жетекшілігімен жеке бағдарлама бойынша оқи алады.  Сонымен қатар, оларға типтік жоспарлар құрылады.

Бұл толық бағдарламаларды әзірлеуге негіз болады. Дарынды балаларды оқытуда қашықтықтан оқыту технологиясы да қолданылады. Мектеп бағдарламасымен онлайн-мектептің ашылуына байланысты танысуға болады. Министрлік "Ресей электронды мектебі" жобасы шеңберінде 1-11 сыныптардың негізгі бағдарламалары бойынша 12 мың сабақтарды жариялау жоспарланып отыр.  Онлайн-мектептегі оқу күндізгі бөлімде оқумен теңестіріледі.