Skip to main content
  • ҚР Президентінің Сайты
  • ҚР Білім және ғылым министрлігінің сайты
  • Стратегия 2050 сайты
Информационно-Аналитический центр logo
Информационно-аналитический центр
Факты, исследования и идеи в образовании
  • Қаз
  • Рус
  • Eng

Search form

Жаңалықтарға жазылу

  • 14:36
  • 16 12 2019
 
  • Орталық туралы
    • Орталық туралы
    • Басқару
    • Корпоративті басқару
    • Нормативтік-құқықтық актілер
    • Орталық мекен-жайы
    • Біздің сарапшылар
    • Кері байланыс
    • Сатып алулар
    • Бос орындары
  • Жаңалықтар
    • ЭЫДҰ
    • Дайджест
    • Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
    • Орта білім
    • Техникалық және кәсіптік білім
    • Жоғары білім
    • Бағдарламалық құжаттар мониторингі
    • Бiлім беру статистикасы
    • Халықаралық салыстырмалы зерттеулер
  • Жобалар
    • Анкета конкурса лучший педагог вуза
    • PIAAC
    • TALIS
    • TIMSS
    • ICILS
    • PIRLS
    • Ұлттық баяндама
    • ҰБДҚ
    • Жобалар мұрағаты
    • PISA
  • Аналитика
  • Жариялымдар
    • Инфографика
  • Медиа

You are here

Home » Факты

Әлеуметтік-экономикалық факторлардың білім беру саласына ықпалы

Printer-friendly versionPDF version

 

  • Соңғы 10 жылда ҚР ЖІӨ және жан басына шаққандағы ЖІӨ өсу қарқынының оң үрдісіне ие болды және орта есеппен сәйкесінше 5,4% және 3,9% құрады. Еңбек өнімділігі орта есеппен жылына 3,8% өскен. Сонымен бірге, осы көрсеткіштердің мәні дамыған елдермен салыстырғанда әлі де төмен. Елдегі адами капиталды, оның ішінде білім беру саласын айтарлықтай дамытудағы инвестициялау макроэкономикалық көрсеткіштерді одан әрі жақсартуға мүмкіндік береді.

  • ҚР білім беру саласына бөлінетін мемлекеттік шығыстардың үлесі 2011 жылдан 2015 жылға дейінгі мерзімде ЖІӨ-нің 3,5-4% диапазонында болды. Бұл көрсеткіш Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымы (ЭЫДҰ) елдері бойынша орташа көрсеткішпен (5,5%) салыстырғанда, әлі де төмен болып қалып отыр. Білім беру саласына мемлекеттік шығыстардың үлесін ЭЫДҰ мәніне дейін жеткізу керек.

  • Үй шаруашылықтары мен халықтың білім беруге жұмсайтын шығыстары орта есеппен бүкіл қаржы шығыстарының небәрі 3,5% құрады. Соңғы 3 жылдың ішінде «мектепке дейінгі білімнің төлемақысы», «тамақтануға кететін шығыстары», «жоғары білім беру төлемақылары» тәрізді атаулар бүкіл шығыстың 60% астам үлесін құрады және іс жүзінде өзгеріссіз қалды. Қала тұрғыны, ауыл тұрғынына қарағанда, білімге 1,5% артық қаржы жұмсаған.

  • 2015 жылы білім беру саласы қызметкерлерінің еңбекақысы республика бойынша орташа жалақының 62% құрады (ЭЫДҰ – 78% жоғары). Ең төмен жалақыны мектепке дейінгі білім беру саласының мұғалімдері алды (41%). Мұғалімдердің біліктілік деңгейін және жалақысын жоғарылату үшін мансаптық өсудің жаңа жүйесін құру керек.

  • ҚР еңбек нарығының көрсеткіштері өткен бесжылдық кезеңінде халықтың экономикалық белсенділігінің және жұмыспен қамтудың салыстырмалы шамалы ауытқуларына қарамастан, тұрақты болды. Жұмыссыздық пен жастар жұмыссыздығының көрсеткіштері (5,0% және 4,1%) ЭЫДҰ мемлекеттерімен салыстырғанда (6,8% және 15,1%) төмен. ҚР-ның жұмыспен қамтылған халқының негізгі үлесі – жоғары білімі (35,6%) және орта кәсіптік білімі (33%) бар мамандар. Сонымен бірге, 5 жылдың ішінде жұмыссыздардың арасында жоғары білімі бар мамандар үлесінің 5%, орта кәсіптік білімі бар мамандар үлесінің 6,9% (2011ж. 26,4%-дан 2015ж. 33,3%) өсуі және жалпы орта білімі бар жұмыссыздар үлесінің 8% (2011ж. 37%-дан 2015ж. 29%) кемуі байқалды. Осы үрдіс әлемдік тәжірибеге қарама-қайшы келеді, жоғары білім деңгейі жұмыссыздықтың төмендеуіне әкеп соғады. ЭЫДҰ мемлекеттерінде үшіншілік білімі бар адамдардың тек 5,1% ғана жұмыссыз болып табылады. Ал жалпы орта деңгейден төмен халық арасында жұмыссыздық 12,8% құрайды. ЭЫДҰ мемлекеттерінің үшіншілік білімі бар халқы жалпы орта білімі бар халықпен салыстырғанда 60% артық табыс табады. Дипломды жұмыссыздық үлесінің өсуін жою үшін ТжКБ және жоғары білімнің сапасын арттырудың кешенді іс-шараларын қолдану керек.

  • ЭЫДҰ-ның PIAAC зерттеуінің деректері бойынша, білімнің жоғары деңгейі денсаулықтың жақсы болуына (10,8%) және айналасындағы адамдарға сенім білдіруге (15,9%), саяси өмірге (19,4%) және еріктілік қызметке (11,1%) көбірек араласуға мүмкіндік береді. Қазақстан үшін мәліметтер PIAAC-2018 зерттеуіне қатысқаннан кейін белгілі болады.

  • Көші-қон үрдістері адами капиталдың деңгейіне кері әсер етеді. Соңғы 5 жылда жоғары және техникалық және кәсіптік білімі бар Қазақстанға көшіп келген мамандарға қарағанда, Қазақстаннан 40 мыңнан артық маман көшіп кеткен. Дипломы бар мамандардың жыл сайын ҚР-дан көшіп кетуі мемлекеттің әлеуетті кемшілігі – ЖІӨ-нің 0,03-0,04% жоғалтуға, яғни, шығынға әкеп соғады.

  • 5 жылда Қазақстанда ел ішінде халықтың ең көп көшіп кетуі ОҚО (-4%) және Жамбыл облысында (-2,5%), ал келуі республикалық маңызы бар Астана (+10,5%) және Алматы (+7,1%) қалаларында тіркелді. Ішкі көші-қон механизмдерін «Серпін-2050» бағдарламасының үлгісінде жетілдіру керек.

Біздің серіктестер

  • NNEF
  • Rabota.nur.kz
  • «Жұлдыз» балалар қоғамдық ұйымдарының одағы»қоғамдық бірлестігі
  • BNEWS.KZ
  • Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті
  • "Мектепке дейінгі балалық шақ" республикалық орталығы
  • "Стратегия" әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығы" қоғамдық қоры
  • "Қоғамдық пікір" зерттеу институты
  • Қоғамдық Пікірді Зерттеу Орталығы
  • EXPO-2017
  • Отбасы.kz Ата-аналарды қашықтықтан оқытатын курстар
  • "Кәсіпқор" Холдингі
  • Сарбонна-Казақстан институты Абай атындағы ҚазҰПУ
  • "Зерделі" ақыл-ой дамыту мектебі
  • 100 нақты қадам
  • Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты
  • "SERPIN" білім беру мекемелерінің ұлттық қауымдастығы
  • Түзету Педагогикасының Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы
  • "НұрОтан" партияся
  • "Техникалық және кәсіптік білімді дамыту және біліктілікті берудің республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы" АҚ
  • ҚазГЮУ Университеті
  • "Білімді ел - Образованная страна" республикалық білім беру қоғамдық-саяси газеті
  • Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
  • Серпін-2050
  • Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы

Орталық туралы

  • Орталық туралы
  • Басқару
  • Корпоративті басқару
  • Нормативтік-құқықтық актілер
  • Орталық мекен-жайы
  • Біздің сарапшылар
  • Кері байланыс
  • Сатып алулар
  • Бос орындары

Оқиғалар

  • ЭЫДҰ
  • Дайджест
  • Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
  • Орта білім
  • Техникалық және кәсіптік білім
  • Жоғары білім
  • Бағдарламалық құжаттар мониторингі
  • Бiлім беру статистикасы
  • Халықаралық салыстырмалы зерттеулер

Қызметі

  • Қызмет бағыты
  • Білімді талдау, мониторингтеу және бағалау департаменті
  • Білім беру статистикасы департаменті
  • Білім статистикасы және ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу департаменті
  • Жоғары және кәсіптік білім департаменті
  • Ақпараттық технологиялар департаменті
  • Халықаралық салыстырмалы зерттеулер департаменті
  • Жоғары білімді дамыту департаменті
  • Бұқаралық ақпарат құралдарымен және халықпен жұмыс жөніндегі департаменті
  • Мектепке дейінгі және орта білім департаменті
  • Жобалар департаменті

Сайттың картасы
 

Рейтинг@Mail.ru