You are here

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту

Printer-friendly versionPDF version

 

  • «Баршаға арналған білім 2000-2015жж: жетістіктер және сын-қатерлер» халықаралық баяндамасында: «1999 жылы Қазақстан мектепке дейінгі ұйымдардағы оқыту бір жылдың ішінде міндетті және тегін болған Орталық Азиядағы алғашқы мемлекет болды» деп айтылған.

  • 2015 жылы Қазақстанда мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен (МДТО) жаппай қамту коэффициенті (ЖҚК) 60,37% құрады. Осы көрсеткіш бойынша ҚР ЖҚК-да біршама ілгері тұрған елдердің (30-дан 69,37%-ға дейін) 2-тобында болды. Келешекте алға жылжу үшін ЖҚК 3-тобына (70-79%), ал кейін 4-тобына (› 80%) ену үшін жұмысты жалғастыру қажет.
  • 2015 жылы мектепке дейінгі ұйымдардың (МДҰ) желісі 367 бірлікке (4,3%) өскен және 758,8 мың бала (+31,3 мың адам немесе 4,1%) контингенті бар 8 834 бірлікті құрады. Бесжылдық мерзім ішінде МДҰ жалпы санының өсу үрдісі (+1 243 бірлік немесе 16.4%) (2011ж. - 7591 бірлік) сақталған. 2020 жылға 3-тен 6-жасқа дейінгі балаларды 100% қамту үшін осы үрдісті сақтау және күшейту керек.

  • 2015 жылы жалпы желінің 20,1% (1775 бірл.) жеке меншік МДҰ ұсынды. Оларда мемлекеттік тапсырыстың 28,4% (1 043 жеке меншік МДҰ-дағы 107,2 мың орын) орналастырылған. МЖК-ның ЭЫДҰ елдерінің орташа деңгейіне дейін дамуын жалғастыру  қажет.

  • Шағын орталықтар (ШО) МДҰ жалпы желісінің 52% (4593 бірл.) құрады. Оның 3 762 бірлігі (82%) ауылдық жерде орналасқан. Бұл ретте ШО тек 47,6% ғана (2 185 бірл.) күндізгі мерзімде жұмыс істеді. Ал бұл 95 мыңнан астам бала мектепке дейінгі қызметтерді әлі де қысқарған түрде алғанын білдіреді. Білім мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының (БҒДМБ) «2020 жылға қарай қысқа мерзімде жұмыс істейтін ШО үлесі - 29,9%» индикаторына қол жеткізуі үшін оларды қысқартудың тәжірибесін жалғастыру керек.

  • Ауылдық жерде 5 990 МДҰ, оның ішінде 2 228 балабақша жұмыс істеді. Ауылдық жердегі МДҰ материалдық-техникалық базасы (МТБ) әлсіз болды. Ауылдық бала-бақшалардың жалпы санының 960 бірлігі ғана үлгілік, 1 268 бірлігі бейімделген ғимараттарда орналасқан. Бұл қалалық жермен (624) салыстырғанда екі есе артық. Апаттық жағдайдағы 15 МДҰ-ның 14 ауылдық жерде орналасқан. Сондықтан жергілікті атқарушы органдар (ЖАО) МТБ-ны нығайту үшін ауылдық МДҰ-ны күшейтуге бағытталуы тиіс.

  • 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды МДТО-мен қамту көрсеткіші өсімінің оң динамикасы байқалады. 2015 жылы бұл көрсеткіш 81,6% құрады. Бұл ретте бір жастан 3 жасқа дейінгі балаларды қамту әлі де төмен (16,6%) болып қалып отыр. Ол ЭЫДҰ елдерінің көрсеткішінен (33%) екі есе аз. Балабақшаларға бармайтын балалардың ата-аналарымен жұмыс істеуге арналған МДҰ жанында құрылған кеңес беру пункттерінің әдістемелік базасы әлсіз болды, оларға қаржылық қолдау көрсетілмеді. Мектепке дейінгі оқытуды дамытуда балаларды бағып-күту мәселелеріне ЭЫДҰ елдерінің назарын аударуға ерекше мән берілді. Сәби балаларға арналған мемлекеттік тапсырысты жеке меншік МДҰ-да орналастыру, кеңес беру пункттерін және ата-аналарды қашықтықтан оқытуды дамыту ықпалды іс-шараларды қолдануды талап етеді.

  • Желінің кеңеюіне қарамастан, балалардың МДҰ-на кезегінің көрсеткіштері төмендемей тұр. 2014 жылмен салыстырғанда МДҰ-ға кезек 525 балға өсті. 2015 жылы олардың саны 545,4 мыңды, оның ішінде 3-тен 6 жасқа дейінгі балалар саны 186 мың (34%) құрады. Бұл ретте кезек көрсеткішіне жеке меншік МДҰ-ға мемлекеттік тапсырыспен баратын балалар да кіреді. Сондықтан мемлекеттік қолдауды пайдаланбайтындарды ғана қалдырып, балалар кезегін есептеу әдістемесін қайта қарау ұсынылады.

  • МДТО-да педагогикалық қызметті 80,9 мың адам жүзеге асырды. Мұғалімдердің жалпы санының тек 34,9% ғана (28,2 мың адам) «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы болды. Біліктілік санаты бар мұғалімдердің үлесі 44,7% құрады. Өз кезегінде 2-санаты бар мұғалімдердің саны басым (25,1%) болды. Мамандарды жоспарлы даярлаумен қатар бейінді емес мамандықпен МДҰ педагогикалық кадрлардың қолданыстағы ресурстарына арналған оқытудың жеделдетілген түрін енгізу абзал.

  • 2015 жылы еңбекақыны төлеу жүйесі мұғалімдердің еңбекақысын арттыруға қатысты қайта қаралды. Алайда, МДҰ тәрбиешісінің орташа еңбекақысы әлі де төмен және ел бойынша орташа еңбекақының (126 021 тг.) 49% (61 031 тг.) құрады. Сонымен қатар, бастауыш сынып мұғалімінің (89 937 тг.) және МДҰ мұғалімінің еңбекақыларында айтарлықтай 44% айырмашылық болды.  ЭЫДҰ елдерінде бұл көрсеткіш 9% құрайды (МДҰ мұғалімдерінің еңбекақысы - 3 150$, бастауыш сынып мұғалімдерінің еңбекақысы  3 437$).

  • Мектепке дейінгі жастағы (туылғаннан 7 жасқа дейін) дамуында ерекше қажеттіліктері бар 35,1 мың баланың 10 674 (30%) МДТО-мен қамтылды. Сондықтан Тұрақты Дамудың 4-ші Жаһандық Мақсаты тұрғысында инклюзивті ортада балаларды тәрбиелеу және оқытуға жағдай жасау басымды болуда.

  • Мектепке дейінгі білім берудің мазмұны жаңартылуда. МДТО Мемлекеттік стандартына өзгерістер енгізілген. ЭЫДҰ сарапшыларының ұсынысымен 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған біріктірілген Типтік оқу бағдарламасы әзірленді. Мектепалды даярлықтың Типтік оқу бағдарламасы эксперименттік апробациядан өтуде. Балалардың мектепке даярлығының сапасы «Жоғары және орташа деңгейдегі қабілетімен және дағдыларымен 5-6 жастағы балалардың үлесі» көрсеткішімен бағаланады.

  • Қазақстанда балалардың мектепке даярлығын бағалау және мониторинг жасаудың нормативтік құқықтық және инфрақұрылымдық базасы ұлттық деңгейде құрылмаған. Сондықтан МДТО сапасын және шығыстардың (2015ж. - 239 613 млн. тг., ЖІӨ-нен 0,58%) тиімділігін бағалау мүмкіндігі болмай тұр.