You are here

Орта білім

Printer-friendly versionPDF version

 

  • 2015 жылы Қазақстанда 2 799 585 бала білім алатын 7 511 мектеп жұмыс істеді.

  • Соңғы бес жылда мектептердің саны 185 бірлікке (2011ж. - 7 696) қысқарды. 2014 жылмен салыстырғанда желі 56 бірлікке, негізінен ШЖМ жабылу есебінен қысқарды.

  • Бұл ретте, білім алушылардың контингентінің өсуі жалғасуда. 2015 жылы өсім 114,5 мың адамды құрады (2014ж. - 108,7 мың).

  • Шағын жинақты мектептер (ШЖМ) жалпы орта білім беру ұйымдарының жалпы санының 44% құрады. Оларда білім алушылардың тек 8% (214 551 адам) ғана білім алды және мұғалімдердің 17%-ы (55 331 адам) сабақ берді. ШЖМ жоғары санаты бар мұғалімдерінің үлесі ел бойынша орташа көрсеткіштен екі есе аз болды (ШЖМ - 9,8%, ҚР - 18,3%).

  • ШЖМ білім сапасы ҚР орташа көрсеткішінен төмен. PISA-2012 нәтижелері бойынша ШЖМ оқушылары жаратылыстанудан тапсырмалардың 35% орындады, ал ел бойынша бұл көрсеткіш 40% тең болды. ҰБТ-2015 ШЖМ түлектері орташа есеппен 74,9 балл жинады, бұл ел бойынша орташа көрсеткіштен бес баллға кем болды. ОЖСБ-2015 ШЖМ оқушылары ел бойынша орташа көрсеткіштен 3,9 баллға кем нәтижені көрсетті (ҚР - 37,3 балл).

  •  Бірінші және жоғары санаттағы педагогикалық қызметкерлердің саны бойынша ауыл мен қала арасындағы айырмашылық 7% құрайды (қалада 52% және ауылда 45%). 2015 жылы күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін мектептеріндегі мұғалімдердің 50% (145 146 адам) бірінші және жоғарғы санаттары бар. Мұғалімдердің 23%-ы (66 962 адам) әлі де санатсыз қалып отыр.

  • Мұғалімдердің 89% (290 399 адам) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімдері болды. 11% колледж түлектері болды. Қазақстан мұғалімдерінің 1/3-і  20 жылдан асқан жұмыс өтілі барлары, бұл ретте елде 39 мыңнан астам мұғалім (13,5%) зейнеткерлік алдындағы және зейнеткер жасында.

  • Орта мектеп мұғалімінің еңбекақысының мөлшері мемлекет бойынша орташа көрсеткіштің 69% (87 508 теңге) құрады және ЖОО-ның перспективалы түлектерін мектептерге тартуға кедергі болып табылды. Мұғалімдердің еңбекақысын, олардың  біліктіліктеріне және мансаптық өсулеріне қатысты ете отырып, төлеудің жаңа моделін құру мәселесін қарау керек.

  • 2011 жылдан бері апатты мектептердің саны үш есе азайды (194-тен 2015 жылғы 69-ға дейін). Осыған ұқсас кезеңде үш ауысымдық мектептердің саны 17 бірлікке көбейді және 87 мектеп болды. Сабақты үш ауысыммен жүргізетін мектептердің неғұрлым жоғары көрсеткіші 2013 жылы тіркелді (112 мектеп).

  • 2015 жылы оқушы орындарының тапшылығымен екі ауысымдық мектептер саны 2013 жылмен салыстырғанда 47 қысқарды және 171 құрады. 2018 жылға қарай үш ауысымдылықты жоюға тағы 87 мектеп құрылысы мүмкіндік береді.

  • Денсаулық жағдайына байланысты ерекше қажеттіліктері бар балаларды білім беру процесіне қосу үшін жағдай жасаған мектептердің саны 1,5 есе өсті (2014ж. 2 200-ден 2015ж. 3 210-ға дейін). 2015 жылы 44,8% (3 210) мектеп қажетті МТБ (көтеру құрылғылары, пандустар, санитарлық бөлмелердегі арнайы құрылғылар, ұстағыштар, арнайы парталар, үстелдер) қамтамасыз етілді.

  • 2015 жылы инклюзивтік білім берумен мектеп жасындағы денсаулық жағдайына байланысты ерекше білім беру қажеттіліктерімен балалардың 27,4% қамтылды (2014ж. - 26,6%). «Білім туралы» ҚР Заңы инклюзивті білімді барлық оқушыларға ерекше білім қажеттіліктерін және жеке мүмкіндіктерін ескерумен білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін процесс ретінде айқындайды. Сондықтан инклюзивті білім беру мониторингінің нақты  индикаторларын қабылдау керек.

  • Оқу-әдістемелік ресурстардың сапасы ерекше көңіл бөлуді талап етеді. 2015 жылы «Оқулық» РМКК сараптамасының нәтижесі бойынша оқулықтардың және ОӘК-нің тек 50% ғана оқу процесінде қолдануға ұсынылды (2013ж. - 60%, 2014ж. - 71%). Бұл 2015 жылы ОӘК ғылыми және педагогикалық сараптамаға қатаң талаптардың қойылуына байланысты.

  • ҰБТ-ға қатысқан мектеп түлектері үлесінің төмендеу үрдісі жалғасуда (2014ж. - 68,9%, 2015ж.-66,9%). Ауыл және қала мектептері оқушыларының ҰБТ нәтижелеріндегі айырмашылық сақталуда (7,95 балл).

  • Қазақстан мектептерінің ½ жыл сайын мемлекеттік аттестациядан өтпейді (2015ж.-50,6%, 2014ж.-51,3%). Өз кезегінде теріс қорытынды берілгеннен кейін мектептерді аттестациядан кейін қолдау механизмі жасалмаған. Бақылау органдарының тарапынан мектептерге әдістемелік және кеңестік қолдау көрсетілуі қажет.

  • 2015 жылы білім беру ұйымы болмаған елді мекендерде тұратын 27 363 баланың мектепке көлікпен тасымалдаумен 24 903 оқушысы (91%) қамтылды. Оқушыларды мектепке және үйге көлікпен тасымалдауды ұйымдастыру үшін қосымша 184 бірлік көлікке қажеттілік бар.

  • МЖББС 2015 жылғы апробациясының мониторингі білім беру мазмұнының жаңартылған бағдарламалары бойынша білім алған бірінші сынып оқушылары білім деңгейінің айтарлықтай ілгерілеуін көрсетті. Пилоттық мектептер оқушыларының диагностикалық тестілеудің «шығыс» орташа балы 137,7 көрсетті, бұл бақылау мектептерінде білім алушылардың орташа балынан 7,3 балға артық (130,4 балл). Қала және ауыл мектептері оқушылары жетістіктерінің айырмашылықтары азайды - ауыл және қаланың бақылау мектептеріндегі 6,7 балл айырмашылықтарымен салыстырғанда 2,7 балды құрады.