You are here

Техникалық және кәсіптік білім

Printer-friendly versionPDF version

 

  • Болжам бойынша 2020 жылға қарай Қазақстанда жұмысшы білікті кадрлар қажеттілігі барлық бос жұмыс орындарының 95% құрайды. Бұл ТжКБ жүйесінде жұмысшы мамандықтары бойынша білім алушылар санының 1991 жылдан 2015 жылға дейін 2,6 есе азаюына байланысты. Жыл сайын жалпы білім беретін мектептер түлектерінің 10% астамы еңбек нарығына кәсіби біліктіліксіз шығады. Осыған байланысты өндіріс қажеттіліктерінің орнын жұмысшы мамандықтармен қамтамасыз ету әлі де өзекті мәселе болып отыр.

  • Халықаралық сарапшылар «Қазақстанда жастарға кәсіптік бағдар берудің құралдары жеткілікті дәрежеде дамымаған» деп атап көрсетеді. Сауалнаманың деректері колледждер түлектерінің 49% мамандығы бойынша жұмыс істемейтінін куәландырады. Бұл - жұмысқа орналасу ғана емес, жеке таңдау мәселесі. Жеке тұлға кәсіби траекторияны саналы таңдаса, жастардың табысты әлеуметтік интеграциясы болуы мүмкін. Сондықтан кәсіптік бағдар беру жұмысының жекеленген әдістемелерін жүйелендіру, интеграциялау және институализациялау керек.

  • ҚР БҒМ деректері бойынша 2015 жылы 348 (44%) колледж дуалды оқытудың элементтерін енгізді. «Білім туралы» ҚР Заңына өндірістік оқыту және тәжірибенің кемінде 60% уақытын өнеркәсіптің базасында өту және дуалды оқытудың қағидаттарын бекіту бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Сонымен бірге, оның енгізілуінің тиімділігі мен нәтижелілігіне мониторинг жасаудың бағалау жиектемесі ұлттық деңгейде әзірленбеген.

  • ТжКБ оқу орындарының желісі соңғы 5 жылда 10% (-89 колледж) төмендеді. 2009 жылдан бері ТжКБ деңгейінде студенттер санының азаюы тіркелді (-16,8%). Жоғары білім беру деңгейіне өтетін мектеп түлектері үлесінің (2014ж. - 54,9%, 2015ж. - 56,6%) жыл сайынғы өсуде. Бұл үрдістер ТжКБ жүйесінің беделсіз болуының салдары болып табылады. Өз кезегінде, 5 жылда жұмыс кадрларын даярлауға берілген мемлекеттік тапсырыстың өсу үрдісі (+6,9%) орын алды.

  • Жұмысқа орналасу кәсіптік білім беру ұйымдары қызметінің тиімділігі және сапасының негізгі көрсеткіші болып қалып отыр. Жұмысқа орналасқан ТжКБ түлектерінің үлесі 2015 жылғы 1 қазанда 68% құрады, бұл Германия мен Данияның көрсеткіштерінен сәйкесінше 16% және
    11,1% төмен.

  • ТжКБ және жоғары білімнің арасында сабақтастықтың болмауы кадрларды даярлаудың икемді құрылымын қалыптастыруға кедергі келтіреді. Жұмыс берушілердің 70% ТжКБ және ЖОО түлектерінің дағдыларына қанағаттанбайды. Осыған байланысты білім беру бағдарламаларының сабақтастығына және колледждерге кредиттік технологияны енгізуге талдау жасау керек.

  • Колледж студенттері алғаш рет WorldSkills International-2015 атты кәсіптік шеберліктің 43-ші әлемдік чемпионатына қатысты. Жарыстың тапсырмаларын төмен деңгейде және ұзақ уақытта орындау, техникалық құралдардың қойылатын жоғары технологиялық талаптарға сәйкес келмеуі, ағылшын тілін білмеу Қазақстанның командасына жоғары позицияларға ие болуға мүмкіндік бермеді (қатысқан 55 елдің арасында 50-орын).