You are here

Тәрбиелеудің мектепке дейінгі жүйесі - білім берудің маңызды салаларының бірі

Printer-friendly versionPDF version

 

Тәрбиелеудің мектепке дейінгі жүйесі білім берудің маңызды салаларының бірі болды. Оның мәнін әлемнің көптеген ғалымдары, соның ішінде нобель сыйлығының лауреаты Джеймс Хекман дәлелдеді. Атақты ғалым және нобель сыйлығының лауреаты, Чикаго университетінің Экономикалық зерттеулер орталығын және Харрис атындағы мемлекеттік саясатын зерттеу факультетінің әлеуметтік бағдарламаларды бағалау орталығын басқаратын экономика профессоры ерте жастағы балалардың тәрбиесін және білімін инвестициялаудың экономикалық тиімділігі туралы сұрақтарға жауап берді. Ол қайсарлық, ынта және өз-өзіне сенімділік сияқты балалардың әлеуметтік-мәдени дағдыларды дамытуды қаржыландырудың, әлеуметтік бағдарламалар немесе инфрақұрылымды құруға қарағанда, экономикалық-әлеуметтік қайтарымы анағұрлым жоғары болатынын да айтады. Жыл сайынғы реинвестициялау жағдайында төрт жаста салынған әрбір доллар 65 жасқа қарай 65-300 доллар болып қайтады.