You are here

Давоста роботтардың еңбек нарығына ықпалы талқыланды

Printer-friendly versionPDF version

Reuters, 20.01.2017

Ашық нарықтар мен жаһандық сауданы 10 жылдан астам уақыт бойы жұмыс орындары санының азаюы үшін кінәлап келеді, бірақ жаһандық компаниялардың басшылары оның бәрі машиналардың кесірінен жиі болады деп айтады.

Дүниежүзілік экономикалық форумға Давоста жиналған бизнестің көшбасшылары технологияларды дамытудың арқасында өңімділіктің өсіміне қуанады, бірақ сол кезекте бұл трендтің еңбек нарығы үшін салдарына анағұрлым байыппен қарау керек екенін ескертеді.

Роботтық техниканы, пилотсыз автомобильдер, жасанды интеллект және 3D-баспаны дамыту көп мамандықтарға қауіп төндіреді. Атап айтқанда, Adidas компаниясы жүгіруге арналған аяқ киімнің кейбір үлгілерінің өндірісінде 3D-баспаның технологияларын пайдалануды жоспарлап жатыр.

Hewlett Packard Enterprise басшысы Мег Уитмэннің айтуынша, жұмыс орындары жоғалады, жұмыс өзгереді және бұндай революция жасқа да, санатқа да қарамайды, баршаға қатысты болады.

Дональд Трамп пен Brexit кейбір жақтаушылары жаңа үкіметтік шаралар жұмыс орындарын АҚШ-тың "Тоттанған белдеуіне" немесе Ұлыбританияның өндірістік тұрғыдан дамыған солтүстігіне қайтаруға көмектесетініне үміттеніп жатқанда, форумның жылдық баяндамасында тәуекелдер туралы жұмыс орындарын жоғалту жағдайларының 86%-ы өнімділікпен байланысты деп айтылып жатыр.

Анықтама үшін: «Тоттанған белдеу» – АҚШ-тың Солтүстік шығыс және Орта Шығыстағы өңір, бұнда көптеген өндірістік кәсіпорындар орналасқан (болат құю, машина жасау, автомобильдік және басқа).

«Тоттанған белдеу» атауы АҚШ-тың 1970-шы жылдары өнеркәсіптің құлдырауынан пайда болды, ол кезде өңірдің көптеген кәсіпорындары жабылды және бейнелеп айтқан кезде олардан тек тот басқан темір ғана қалды.

Саяси контекст көптеген басшыларды қызметкерлерді технологиялардың қарқынды дамуына үлгеру үшін үздіксіз оқытуға байыппен қарауға мәжбүрлейді.

Көптеген озық технологиялар төмен немесе орта білікті еңбекке қарағанда анағұрлым қымбат болып қалғанымен қысқа мерзімді перспективада үрдіс шығыстар төмендеген сайын өзгере бастайды.

Осыған байланысты Давоста үкіметтер, бизнес пен оқу орындарының алдында анағұрлым білімді және білікті мамандар даярлау міндеті тұрғаны аталды.

АҚШ-та, мысалы, ЖОО түлектерінің арасындағы жұмыссыздық небәрі 2-2,5% ғана тең. Жоғары білім жоқтардың арасында бұл көрсеткіш 4-5 есе артық және 9-10% құрайды.

Алайда жұмыссыздық өсімі тәуекелінің ауқымы табиғи, сандық және биологиялық салалардың арасындағы жиектерді өшіретін, ДЭФ айтуынша "төртінші индустриалды революцияның" кесірінен әлі белгісіз.

Оксфорд университетінің зерттеуі АҚШ жұмыс орындарының шамамен жартысы тәуекел аймағында тұрғанын көрсетті. Бұл кезекте Forrester Research зерттеушілері 2025ж. қарай жұмыс орындарының тек 7% ғана компьютерлер мен роботтардан қайтарып алынады деп болжамдайды. Сонымен бірге, олар 2019 жылға қарай барлық қызметтік міндеттердің төрттен бір бөлігі роботтарға немесе өз-өзіне қызмет етудің автоматтандырылған қызметіне беріледі деп те айтады.