You are here

Денсаулығының шектеулі мүмкіндіктерімен балаларға Қырғызстанда мектепке дейінгі білім қолжетімді болады

Printer-friendly versionPDF version

Knews, 24.10.2016

Қырғызстанда  денсаулығының шектеулі мүмкіндіктерімен балаларға арналған мектепке дейінгі даярлық бағдарламасы алғаш рет әзірленді.

Жобаның мақсаты – денсаулығының шектеулі мүмкіндіктерімен балаларға мектепке дейінгі білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз ету. Жоба ақыл-ой және әртүрлі дене кемістігі бар балалардың мүддесін ескереді. 

Жоба үш мектепте сынақтан өтеді. Бағдарламаның мазмұнында мүгедектік деген не, оның қандай санаттары бар, ақыл-ой кемістігі бар немесе көру қабілеті бұзылған адам кім,  баланы оқыту тәсілдері қандай болу керек, оқыту процесіне не кіру керек және ең маңыздысы нәтиже қандай болу керек туралы жазылды.

Бұл жобаның шеңберінде, балалар жылына екі рет - қыркүйекте және мамырда диагностикадан өтеді. Бұл ілгерілеу мен нәтижелерді көру үшін жасалады.

Эксперт-практик және дефектолог Данияр Абдуазизов бұл инклюзивті білім беруге апарар жолдың бірінші қадамы деп атап өтті.

Бағдарламаны енгізудің маңызды факторларының бірі - мүгедек балалармен ғана емес, сонымен бірге дені сау балалармен, ата-аналармен және мұғалімдермен де жұмыс істеу. Сарапшылардың айтуынша, бұндай балаларға деген толеранттық жоқ.