Бұқаралық ақпарат құралдарымен және халықпен жұмыс жөніндегі департаменті білім беру жүйесі туралы ақпараттарды жинау және өңдеу, оперативті талдамалы ақпараттарды дайындау бойынша қызметін іске асырады.
Халықаралық салыстырмалы зерттеулер Департаментінің мақсаты (бұдан әрі – ХСЗД ), Қазақстанның ЭЫДҰ және IEA ұйымдарының халықаралық салыстырмалы зерттеулеріне қатысуын қамтамасыз ету. ХСЗД өз қызметінің шеңберінде PISA, PIAAC, TALIS, ICILS, TIMSS, PIRLS зерттеулерін жүзеге асырады. Осы зерттеулерді өткізу Қазақстанның ЭЫДҰ білім беру саясаты Комитетіне "Қатысушы" ретінде кіруіне негіз болды.
Білімді талдау, мониторингтеу және бағалау департаментінің (әрі қарай - БТМБД) мақсаты - мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деңгейлерінің отандық және әлемдік тәжірибесін зерттеу және талдау болып табылады. Өз қызметінің шеңберінде БТМБД ЭЫДҰ, Дүниежүзілік Банкі, ЮНИСЕФ, ЕБФ және т.б. атты халықаралық ұйымдармен бірлескен жобаларды жүзеге асырады.