You are here

Білім статистикасы және ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу департаменті

Printer-friendly versionPDF version
Білім статистикасы және ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу департаменті (әрі қарай - Департамент) қызметтік мақсаты ҚР БҒМ әкімшілік есебі және білім беру аясында статистикалық деректерді өңдеу және жинау болып табылады. Ұлттық білім беру статистикасын халықаралық көрсеткіштер мен БҰҰ БҒМС Статистика Институты ЭҚДҰ, Дүниежүзілік банк және басқа халықаралық ұйымдармен сәйкестендіру және жыл сайынғы «Қазақстан Республикасы Білім беру жүйесінің статистикасы» Ұлттық жинағын шығару.
Берілген жұмыс аясында Департамент «Ұлттық білім беру деректер қоры» ақпараттық жүйесімен ведомстволық статистиканы жинау кезінде консультациялық (әдістемелік және техникалық) сүйемелдеу көрсетеді.
Статистикалық деректерді жинау кезеңінде ҚР БҒМ құрылымдық бөлімшелерімен әрекеттесу, әкімшілік есеп нысандарына толықтыру енгізу және өзгерту, сондай-ақ ақпараттық-аналитикалық материалдар, әдістемелік ұсынымдар, кітапшалар және статистикалық жинақтарды дайындау, шығару. Өзінің құзыретіне қарай Департамент ҚР БҒМ негізгі бағдарламалары мен нормативті құқықтық құжаттарды өңдеуге қатысады, соның ішінде Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
Департамент БҰҰ БҒМС деректер қорындағы БХСБ – 11 сұрақтары көрсеткіштері бойынша БҰҰ БҒМС Статистика Институтымен жұмыс жасайды.
Статистикалық мағлұматтарды талдау, жинау және өңдеу қорытындылары бойынша Департамент статистикалық мағлұматтарды статистика Комитетіне береді, жыл сайынғы «Қазақстан Республикасы Білім беру жүйесінің статистикасы» Ұлттық жинағын шығарады, БҰҰ БҒМС білім беру бойынша сұрақтарын толтырады.