You are here

Білімді талдау, мониторингтеу және бағалау департаменті

Printer-friendly versionPDF version
Білімді талдау, мониторингтеу және бағалау департаментінің (әрі қарай - БТМБД) мақсаты - мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деңгейлерінің отандық және әлемдік тәжірибесін зерттеу және талдау болып табылады. Өз қызметінің шеңберінде БТМБД ЭЫДҰ, Дүниежүзілік Банкі, ЮНИСЕФ, ЕБФ және т.б. атты халықаралық ұйымдармен бірлескен жобаларды жүзеге асырады. Аталған жобалар Қазақстанның ЭЫДҰ–ның Білім беру саясаты комитетінің жұмысына қатысуына негіз болды.
БТМБД сарапшылары зерттеулердің нәтижесі бойынша Қазақстанның білім беру жүйесін жетілдіруге арналған нақты ұсыныстар, ұйғарымдар және тетіктер әзірлейді, осы ұсыныстар түрлі бағдарламалық құжаттарда ескерілген: Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, ҚР БҒМ 2017-2021 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары.
Сонымен қатар, БТМБД жыл сайынғы ҚР білім беру жүйесінің жай-күйі және дамуы туралы ұлттық баяндаманы дайындайды. Баяндама азаматтық және халықаралық қауымдастықтың алдында елдің жүргізіп жатқан білім беру саясатының ашықтығын қамтамасыз етеді. Сонымен бірге БТМБД ҚР БҒМ жүргізетін білім беру реформаларына талдамалық сүйемелдеу көрсетеді, білім беру саласындағы түрлі республикалық және халықаралық семинар, конференция, форум, ғылыми-практикалық семинар, жобаларға қатысады, және де әр он күндік сайын барлық білім беру деңгейілері бойынша әлемдік жаңалықтарға шолу жүргізеді.